Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2026 жылғы 27 қыркүйекте Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 436 азамат енгізілді, оның ішінде – 367 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар –4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Доскалиев М.Б – 319
Кадргалиева А.Б – 18
Хасанова Ф.К – 19
Ақжайық ауданының Ақсуат ауылдық округінің әкімі болып Марат Бахтыгалиевич Доскалиев сайланды, 1976 жылы туған, С.Ошанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақсуат ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы