АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 3 қыркүйекте Ақсуат ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Доскалиев Марат Бахтыгалиевич, 1976 жылы туған, С.Ошанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Ақсуат ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Кадргалиева Айдана Бегелдыевна, 1990 жылы туған, Ақжайық ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы шаруашылық жұмыстары бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Хасанова Фарида Казиуллиновна, 1986 жылы туған, Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығына қарасты Қабыршақты ауылдық мәдениет үйінің жетекшісі, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы