Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37-1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Чапаев ауылы                                                                                                                            село Чапаево

 

Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37-1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақжайық аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37-1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 -қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 323 822 мың теңге:

салықтық түсімдер – 3 663 101 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 73 350 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 500 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1 581 871 мың теңге;

2) шығындар – 5 507 205 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 108 576 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 337 350 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 228 774 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 291 959 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
291 959 мың теңге;

қарыздар түсімі – 832 850 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 949 113 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 408 222 мың теңге.».

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

 

 

Мәслихат төрағасы                     

Дата публикации
26 августа 2026