АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Чапаев ауылы                                   №17                               2026 жылғы 19 тамыз

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданының Ақсуат ауылдық округі әкімін

сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                   4-тармағына және 22-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Ақсуат ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Ақсуат ауылдық округі аумағының шекарасында – Ақсуат сайлау округі құрылсын.

2. Осы қаулы Ақжайық  ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында және аудандық қоғамдық - саяси «Жайық таңы» газетінде жариялансын.

3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

                 

 

 

       Ақжайық ауданының аумақтық сайлау

       комиссиясының төрағасы                                                            Е.Мангуров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 августа 2026