Registration of the association of property owners

Өз үйіңіздің мәселелерін өзіңіз шешкіңіз келе ме?  Олай болса мүліктің меншік иелері бірлестігін тіркеңіз. 
Ал тіркеу жолын әдеттегідей парақшамыздың #oqy&toqy айдарында айтып береміз.  Бұл бірлестік ХҚО арқылы тіркеледі және ол үшін: 
📌Алдымен кез-келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз
📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
📌Операторға келесі құжаттарды ұсыну арқылы өтініш қалдырыңыз:
📎Көпқабатты үйдің тұрғындары мен үй-жайлары иелерінің қатысуымен өткен жиналыстың хаттамасы
📎Меншік иелерінің жарғысы немесе типтік жарғы негізінде жұмыс істеу жайлы өтініш
📎Қызмет ақысының төленгені туралы түбіртек
☝️Ескерту, ХҚО-ға өтініш беру үшін, тіркелетін меншік иелері бірлестігінің төрағасы келсе жеткілікті. 
💰Қызмет құны - 1 АЕК (2 778 тг.)
⏰Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есептемегенде - 10 жұмыс күні.
✍️Керегеңіз кең, шаңырақтарыңыз биік болсын! 🙏
 
 
Дата публикации
20 декабря 2020