«Ақжайық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдаудың қорытындылары туралы
АНЫҚТАМА
Ақжайық ауданы 13 шілде 2026 жыл
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Ақжайық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат).
Мекенжайы: БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көш. №70
2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылдың 1 маусым аралығындағы кезең бойынша «Ақжайық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасалды.
Талдау аудан әкімі аппараты басшысының 2026 жылғы 26 мамырдағы №26н/қ «Ақжайық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрамда құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж. – 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2026 ж. - 30.06.2026 ж.
Аппарат 4 бөлімнен тұрады:
Персоналды басқару қызметі бөлімі, ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі, құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы шаруашылық жұмыстары бөлімі, мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі.
Аппаратта ведомстволық мекемелер жоқ.
Аппараттың талданатын кезең бойынша штат саны - 19 бірлік, оның ішінде 1-аудан әкімі, 3 -аудан әкімінің орынбасары, 1-аппарат басшысы, 4 - бөлім басшысы, 3- бас инспектор, 7-бас маман.
2025 жылы өз еркімен жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ, жалпы жұмыстан босатылғандар саны – 5 адам (оның ішінде Б.Кымбатбеков – конкурс нәтижесінде басқа мемлекеттік органға жұмысқа орналасуына байланысты, М.Курамыс – ішкі конкурспен басқа мемлекеттік органға жоғары лауазымға, А.Аманжолов – ішкі конкурспен жоғары лауазымға, Ж.Қамешова, Д.Ғазизов – ауысу тәртібімен тең лауазымға орналасты).
Таза ауысымдылық - 0% құрады.
2025 жылдың аралығында уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына 3 конкурс өткізілді (ішкі конкурс бойынша аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы лауазымдары); жалпы конкурс бойынша аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық жұмыстары бөлімінің бас маманы лауазымдары).
2026 жыл басынан бастап жұмыстан босатылғандар – 0.
Таза ауысымдылық -0.
Жыл басынан бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілмеді.
01.06.2025-01.06.2026ж. аралығында аудан әкімі аппаратында ескерту түрінде тәртіптік жазаға 5 қызметкер (М.Сердалин, Д.Умашев, З.Мажитова, И.Даутов, А.Кадргалиева) тартылды. (М.Сердалин монументалды өнер нысанын заңсыз орнатуға жол бергені, Д.Умашев жол картасындағы картоп дақылдарын егу көрсеткішіне қол жеткізбей кемшіліктерге жол бергені, З.Мажитова «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде 2026 жылға медиажоспар бекітпегені, А.Кадргалиева жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау талаптарын бұзғаны, И.Даутов мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану талаптарын сақтамағаны үшін тәртіптік жазаға тартылды).
01.06.2026 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазым бойынша бос орын жоқ.
Талданып отырған кезеңде аппараттың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Аппаратпен 2024-2026 жылдары барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына сәйкес, аудан бойынша 44 мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бекітілген. Соның ішінде аппаратпен 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар:
Мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштер аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімімен www.elisence.kz порталы арқылы және қағаз түрінде тіркеліп, уәкілетті органдарға жұмыстану үшін жолданады.
Аталған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алған заңбұзушылықтар болған жоқ.
Ережеге сәйкес Ақжайық ауданы әкімі аппаратымен көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер «Е-лицензирования» АЖ арқылы түседі. Өтініштер электронды форматта түсуіне байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Себебі қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында тікелей қарым қатынас жоқ.
Талданатын кезең аралығындағы кезеңде қабылданған шешімдер мен қаулыларға наразылықтар мен заңға қайшы әрекеттер туындаған жоқ. Аталған нормативтік құқықтық актілердің азаматтардың, заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін бұзушылық нормалары анықталған жоқ.
Бақылау-тексеру функциялары жүзеге асырылмайды.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады.
Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады Жалақыны есептеу, төлемдерді уақытылы аудармауы, артық немесе кем аударылуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін. Жіберілген қателіктер жыл соңына дейін қайтарылатын болады.
Бекітілген мемлекеттік сатып алудың талданып отырға кезеңге арналған бастапқы жоспары көрсеткіштерінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларына сәйкестігі.
Аппаратың 2025 жылға 1.06.25-31.12.2025ж бекітілген жоспарына сәйкес 237576 мың теңге қарастырылды, игерілгені 237573 мың теңге - 100% құрады.
Аппаратың 2026 жылға 01.01.26 ж -31.05.2026 ж бекітілген жоспарына сәйкес 114954.0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 114920,7 мың теңге – 99,9 % құрады.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Аппараттың 30.12.2025ж жылғы №76 н/к бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ.
Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуы тиіс.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық міндеттемелерін орындау) 36-бабын бұза отырып, мекеменің дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлемдер мен берешек сомалары анықталған жоқ.
Аудан әкімінің аппараты 01.06.25-31.12.2025ж бойынша талданатын кезеңде 79 шарт мемлекеттік сатып алу жасалды. Оның ішінде ашық конкурспен-2, баға ұсынымдары бойынша-47, тікелей шарт жасау жолымен бір көзден сатып алу-8, өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу-22, негіздемелік келісімді пайдаланылатын, конкурс өткізудің екінші кезеңі сатып алу-0 , біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен сатып алу-0, сатып алулар жүргізілді.
Аудан әкімінің аппараты 01.01.26-01.06.2026 ж бойынша талданатын кезеңде 62 шарт мемлекеттік сатып алу жасалды. Оның ішінде ашық конкурспен -7, баға ұсынымдары бойынша-34, тікелей шарт жасау жолымен бір көзден сатып алу-7, өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу -14, негіздемелік келісімді пайдаланылатын, конкурс өткізудің екінші кезеңі сатып алу-0, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен сатып алу-0, сатып алулар жүргізілді.
Сонымен қатар талданатын кезең аралығында бір әлеуетті өнім берушілер Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану, мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу және пайдаланылмаған тауарлардың қалдық құнын өндіріп беру туралы талап арыз жолданып, оның екеуіде сот шешімімен қанағаттандырылды (мемлекеттік сатып алу келісім шартта көрсетілген тауарларды әкелуден бас тартуына байланысты).
Аудан әкімінің аппаратымен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар уақтылы және тиісті деңгейде жүргізілуде. Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында үнемі мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аппарат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Аппаратың қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«Documentolog»- ақпараттық жүйе;
«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;
«E-Qyzmet» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;
«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;
«1С-бухгалтерия» жүйесі;
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық сервисі.
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Есепті кезеңде: 314-қаулы, 15- шешім, негізгі қызмет бойынша 80-өкім және 169 жеке құрам бойынша өкім, негізгі қызмет бойынша 66-бұйрық және 398 жеке құрам бойынша бұйрық шығарылды.
Есепті кезенде прокуратура органдарынан наразылықтар түскен жоқ
Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. Аудан әкімі аппаратына түскен барлық өтініштер «Е-өтініш» платформасы арқылы тіркеліп, Кодекс талаптарына сәйкес уақытылы жауап берілді.
01.06.2025-01.06.2026 жылдың аралығында аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 376 жолданым түсті. Аудан әкімі және оның орынбасарларының қабылдауында 224 тұлға жеке қабылдауда болды. Түскен өтініштерді мағынасына қарай бөлетін болсақ, тұрғын үй, жұмыс мәселесі және жер мәселелері өтініштің басым бөлігін құрайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері де болған жоқ.
Сонымен қатар «Ақжайық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «сыбайлас жемқорлық» мәселелеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ.
Есепті кезінде жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар бойынша сотқа немесе прокуратурага шағымдар болған жоқ.
Аппарат қызметкерлері тікелей басшымен туыстық қарым-қатынаста емес. Талдау аралығындағы кезеңде аппаратта мүдделер қақтығысы болған жоқ.
«Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Ақжайық ауданнының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім).
Мекенжайы: БҚО, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 35 үй
Ақжайық ауданнының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының 2026 жылғы 26 мамырдағы № 35 н/қ бұйрығы негізінде Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж. – 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2026 ж. – 30.06.2026 ж.
Бөлімнің мынадай ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:
1) Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
«Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде есепті кезең бойынша жалпы штат саны 9.
Соның ішінде мемлекеттік қызметшілер 5 (1 бөлім басшысы, 1 сектор меңгерушісі, 3 бас маман (1 есепші).
Штаттан тыс қызметкерлер 4 (1 хатшы, 1 статист, 1 көлік жүргізуші – бос орын, 1 курер).
Сонымен қатар бағаланатын кезеңде штаттан тыс қызметкерлер арасында кадр ауысушылығы бойынша: жұмысқа қабылданғандар - 5, оның ішінде курьер 1 бірлік
(28.07.2025 ж. Д.Жанатауов), бөлім басшысының хатшысы 1 бірлік (10.11.2025 ж Г.Жұбандық), статист қызметінен курьер қызметіне ауысу тәртібімен қабылданды (01.04.2026 ж. Б.Уртаева), бөлімнің автокөлік жүргізушісі 1 бірлік (15.05.2026 ж. О.Бауиржан), статист маманы 1 бірлік (18.05.2026 ж. Б.Мүтиева).
Жұмыстан 6 адам босатылды: 6 штатан тыс қызметкер босатылды: курьер 1 бірлік вахталық жұмысқа орналасуына байланысты өз еркімен (02.06.2025 ж. Н.Габдулғазизқызы), бөлім басшысының хатшысы басқа жұмысқа орналасуына байланысты өз еркімен 1 бірлік (15.10.2025 ж. Н.Кайыркулова), курьер 1 бірлік басқа жұмысқа орналасуына байланысты өз еркімен (16.03.2026 ж. Д.Жанатауов), статист маманы 1 бірлік курьер қызметіне ауысыуна байланысты (01.04.2026 ж. Б.Уртаева), бөлімнің автокөлік жүргізушісі 1 бірлік басқа жұмысқа ауысуына байланысты (30.04.2026 ж. М.Шушаков), бөлімнің автокөлік жүргізушісі 1 бірлік басқа жұмысқа ауысуына байланысты (01.06.2026 ж. О.Бауиржан) Олардың ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босатылғандар жоқ.
Талдау жүргізілген 2025 жылғы 1 маусымнан бастап 2026 жылдың 1 маусым аралығында тәртіптік жазалар болған жоқ.
Бөлім қызметкерлерінің 2025 жылдарға салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде толық ұсынылды.
Талдау жүргізілген аралықта бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
Бөлім қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. 2025 жылдың 1 маусымнан 2026 жылдың 1 маусым аралығында бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Аудан бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде бөлім арқылы:
Мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштер бөлімге «АИС Е-собес», «Әлеуметтік көмек», «ИС Иностранная рабочая сила» ақпараттық жүйелері арқылы тіркеліп, өтініш иелеріне жауап беріледі. 2025 жылдың 01 маусымнан бастап 2026 жылдың 30 маусым аралығындағы бақыланған кезеңде бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 702 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
«Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не 2025 жылға 1 маусым пен 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік сатып алу бойынша 10025,8 мың теңге қаражат бөлінді. Игерілгені 10025,8 мың теңгесі яғни 100 % игерілді.
2026 жылы мекеменің мемлекеттік сатып алу бойынша 20 330,2 мың теңге қаражат бөлінді, соның 2709,7 мың теңгесі яғни, 13,3 % игерілді, қалғаны жыл сонына дейін игеріледі.
Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Бөлімнің 14.10.2025 жылғы №72 нк бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Қалдық құны жоқ, ескі, тозған, қолдануға жарамсыз, уақыты біткен 18 тауар шығарылды. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ.
2025 жыл бойынша 2 моноблок, принтер 3/1, принтер цветной 3/1, нутбук негізгі қорға есепке алынды.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуы тиіс.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық міндеттемелерін орындау) 36-бабын бұза отырып, мекеменің дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлемдер мен берешек сомалары жоқ екені анықталды.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2025 жылға 1 маусым мен 31 желтоқсан аралықта мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып бойынша 40 келісім шарт жасалды, оның ішінде баға ұсыныстарын сұрау арқылы - 28, сәтсіз сатып алушылар бойынша бір көзден - 8, бір көзден -4 жасақталып, 100% орындалды.
2026 жылдың 1 қаңтарынын – 1 маусым аралығында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарында қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып жалпы саны 11 келісім шартқа отырылды, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде-2, сәтсіз сатып алушылар бойынша бір көзден - 4, бір көзден -3 , ашық конкурс тәсілімен сатып алу-2 келісім шартқа отырылып, бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен 3 хабарлама ойнатылды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен шақырту жіберілген жоқ. Жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар уақтылы және тиісті деңгейде жүргізілуде. Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында үнемі мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері тікелей басшымен туыстық қарым-қатынаста емес. Талдау аралығындағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Барлық мемлекеттік сатып алу келісім шарттары заңдылыққа сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында жұмыстар жалғасатын болады.
Бөлімінің қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«Documentolog»- ақпараттық жүйе;
«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;
«E-Qyzmet» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;
«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;
«АИС Е-собес» ақпараттық жүйесі;
«Е-акимат» ақпараттық жүйесі;
«ИС Иностранная рабочая сила» ақпараттық жүйесі;
«1С-бухгалтерия» жүйесі;
«Әлеуметтік көмек»;
«Отбасының цифрлық картасы»
Inva.gov.kz автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Азаматтардың өтініші, арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының
2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. Бөлімге түскен барлық өтініштер «Е-өтініш» платформасы арқылы тіркеліп, Кодекс талаптарына және заңнамалық актілерге сай уақытылы жауаптары беріліп отырады.
Бөлімде 2025 жылғы 1 маусымнан бастап 2026 жылғы 1 маусым аралығында жеке тұлғалардан - 24 өтініш келіп түсті. Түскен барлық өтініштерге Заң талаптарына сәйкес жазбаша жауап берілді. Түскен өтініштер әрекеттке қабілетсіз деп тану, тұрақты жұмысқа орналастыру, әлеуметтік төлемдер тағайындау бағытында болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері де болған жоқ.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
Ақжайық ауданнының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
«Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық).
Мекенжайы: БҚО, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 53 А үй.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің Отбасын қолдау орталығы директорының2026 жылғы 26 мамырдағы №1 н/қ бұйрығы негізінде Орталық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж. – 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2026 ж. – 30.06.2026 ж.
Орталыққа бағынысты ведомствалық мекемелер жоқ.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
«Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде есепті кезең бойынша жалпы штат саны 14.
Азаматтық қызметкерлер 7(1 директор, 1 құрылымдық бөлімі басшысы,
1бас есепші, 1 мемлекеттік сатып алу мамына, 1әлеуметтік қызметкер, 1әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, 1халықпен профилактикалық жұмыс жөніндегі маман.
Кіші қызметкер 5 (1еден жуушы, 1аула тазалаушы, 3күзетші).
Психолог1 бірлік лауазымы 2025 жылды 4 желтоқсаннан бастапбос (мекеме ашылғаннан бастап).2025 жылы 11 наурыз, 14 сәуір, 16 маусым, 8 қыркүйек, 22 қыркүйек, 28 қазан айлары алты мәрте конкурс берілді. 2026 жылы 29 мамыр айында бір мәрте Enbek.Kz сайтына беріліп отыр, алайда еңбек ақысының аздығына байланысты ешкім түспеді, қазіргі таңда конкурс жариялануда, 2026 жылдың 5 мамыр айынан бастап заңгер лауазымының босауына байланысты аталған 1 бірлік бос орынына 2026 жылдың 29 мамыр айындабір мәрте Enbek.Kz сайтына берілді, қазіргі таңда конкурс жариялануда.
Орталық қызметкерлерімен 2025 жылға салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде толық ұсынылды.
Талдау жүргізілген аралықта орталық қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
Ұсыным: жауапты мамандарға тиісті ҚР коммуналдық мемлекттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау, кемшіліктерге жол бермеу мақсатында құқықтық оқытуды ұйымдастыру.
Орталық қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. 2025 жылдың 1 маусымнан 2026 жылдың 1 маусым аралығында орталықта мүдделер қақтығысы болған жоқ.
2025 жылдың 1 маусым айынан бастап 1 маусым 2026 жыл аралығында «FSM Social» жүйесіне 193 сигнал тіркеліп, бақылауға алынды.
Соның ішінде заңгердің көмегі- 74 адам, әлеуметтік маман – 60 адам, жұмыс мәселесімен-44 адам, ЭЦҚ алу үшін 15 адам.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Отбасын қолдау орталығы» КММ-не 2025 жылдың 1 маусымнан 31 желтоқсан аралығы мекемеге бджеттен жалпы 27438.0 мың теңге қаражат бөлініп 100% игерілді. 2026 жылға мекемеге бюджеттен 35556.0 мың теңге қаражат бөлінді, соның ішінде 1 маусымға игерілгені 14088.0 мың теңгесі яғни 40 %, қалғаны жыл сонына дейін игеріледі.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Отбасын қолдау орталығы» КММ- не 2025 жылдың 1 маусымнан 31 желтоқсан аралығы мемлекеттік сатып алу бойынша 3097.7 мың теңге қаражат бөлініп 100% игерілді. 2026 жылға мемлекеттік сатып алу бойынша 3656.4 мың теңге қаражат бөлінді, соның ішінде 1 маусымға игерілгені 2484.9 мың теңгесі яғни 60 %, қалғаны жыл сонына дейін игеріледі.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Отбасын қолдау орталығы»бойынша 2025 жылға 1 маусым мен 1 маусым 2026 жыл аралықта мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып бойынша 19 келісім шарт жасалды, оның ішінде баға ұсыныстарын сұрау арқылы 12, бір көзден тұрақты емес 4, бір көзден сатып алу тәсілімен 3 шарттар орындалды.
Жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар уақтылы және тиісті деңгейде жүргізілуде. Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында үнемі мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Отбасын қолдау орталығы» қызметкерлері тікелей басшымен туыстық қарым-қатынаста емес. Талдау аралығындағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Барлық мемлекеттік сатып алу келісім шарттары заңдылыққа сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында жұмыстар жалғасатын болады.
Орталық қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«FSM Social» жүйесі;
«1С-бухгалтерия» жүйесі;
«Documentolog» жүйесі;
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Орталықта 2025 жылғы 1 маусымнан бастап 2026 жылғы 1 маусым аралығында жеке тұлғалардан өтініш түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері де болған жоқ.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
Ақжайық ауданнының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
«Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(бұдан әрі - Орталық).
Мекенжайы: БҚО, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 35 үй.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің
«Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорының 2026 жылғы
26 мамырдағы №13 н/қ бұйрығы негізінде Орталық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж. – 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2026 ж. – 30.06.2026 ж.
Орталыққа бағынысты ведомствалық мекемелер жоқ.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
«Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде есепті кезең бойынша жалпы штат саны 47.
Азаматтық қызметкерлер 47 (1 директор, 1 меңгерушісі, 1 кадр жөніндегі инспектор,
2 әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, 1 (есепші), 41 әлеуметтік қызметкер.
Сонымен қатар бағаланатын кезеңде азаматтық және штаттан тыс қызметкерлер арасында кадр ауысушылығы бойынша: жұмысқа қабылданғандар -10, оның ішінде әлеуметтік қызметкер - 9 (Р.Халелова, Б.Туралиева, М.Лагун, Ж.Кубаева, А.Абен, А.Кенжалиева, Г.Шафхатова, А.Булат, Г.Конашева), әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант-1 (Е.Жубангалиев), Жұмыстан зейнет жасына байланысты 6 әлеуметтік қызметкер (А.Зейнова, Б.Ержанова, К.Галымжанова, А.Есмагамбетова, Ш.Избасарова, Т.Кумарова) және 5 әлеуметтік қызметкер (К.Хаирлиева, З.Сағындықова, М.Шамарова, С.Аянгалиева, А.Маратова) басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылды. 3 әлеуметтік қызметкер (А.Таубаева, А.Төленова, П.Нығыметова) декреттік демалыста. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босатылғандар жоқ.
Орталық қызметкерлерімен 2025 жылға салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде толық ұсынылды.
Талдау жүргізілген аралықта орталық қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
Орталық қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. 2025 жылдың 1 маусым 2026 жылдың 1 маусым аралығында орталықта мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу бойынша 2025 жылдың маусым айынан бастап 14 жалғызілікті қария және
2 психоневрологиялық ауруы бар 18 жасқа дейінгі мүгедек бала қызмет алуға қабылданды.
Career Enbek порталында қызметкерлердің білім жетістіктері толықтай енгізіліп,
41 әлеуметтік қызметкер SKILLS Enbek бойынша әлеуметтік жұмысқа кіріспе бөлімі сертификатымен қамтылды. HR Enbek порталында орталықтың барлық қызметкерлердің штаттық кестесі бекітіліп, өз жұмысын жүргізіп отыр.
Әлеуметтік қызметтер порталында қызмет алушылар түгел енгізіліп электронды журнал қозғалысы жүргізіліп отыр.
Талданатын аралықта жалпы 161 қызмет алушы бар. Психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар балалар-7, 18 жастан жоғары психоневрологиялық ауруы бар мүгедектер-38, жалғызбасты қариялар-114, мүгедектігі бар адамдар-2.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
«Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ 2025 жыл басында жергілікті бюджетке 135 862,0 мың теңге қаражат бөлінді. 2025 жылдың 5 ақпан айынан 01 маусым айы аралығында 43 304,7 мың теңге, яғни 32% игерілді, ал қалған қаражат 01 маусым айынан
31 желтоқсан аралығында 92 557,3 мың теңге, яғни 68 % жыл соңына дейін игерілді. Ал 2026 жыл басында 150 000,0 мың теңге қаражат бөлінді. 1 қаңтар айынан 1 маусым айы аралығында
57 981,1 мың теңге, яғни 38,6% игерілді, қалғаны жыл соңына дейін игеріледі.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ бойынша 2025 жылға мемлекеттік сатып алу бойынша 2 979,5 мың теңге қаражат бөлінді. Үнемделген қаражат есебінен орталықтың кеңеюіне байланысты компьютерлік техникамен және баспа құрылғыларымен жабдықтау мақсатында қосымша ақша тартылды. 2025 жылдың 1 маусым айынан 31 желтоқсан айы аралығында
2 727,1 мың теңге қаражат игерілді. Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып бойынша 18 келісім шарт жасалды, оның ішінде баға ұсыныстарын сұрау арқылы - 9, бір көзден тұрақты емес - 9, яғни жыл соңына дейін 100 % орындалды. 2026 жылға мемлекеттік сатып алу бойынша 3 287,0 мың теңге қаражат бөлінді. 2026 жылдың 1 қаңтар айынан 1 маусым айы арылығында 909, 9 мың теңге, яғни 27,7% игерілді, қалғаны жыл соңына дейін игеріледі. Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып алу бойынша 8 келісім шарт жасалды, оның ішінде баға ұсыныстарын сұрау арқылы – 4, өткізілмеген бір көзден сатып алулар бойынша – 2, ашық байқау бойынша – 2, яғни 27,7% орындалды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар уақтылы және тиісті деңгейде жүргізілуде. Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында үнемі мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қызметкерлері тікелей басшымен туыстық қарым-қатынаста емес. Талдау аралығындағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Барлық мемлекеттік сатып алу келісім шарттары заңдылыққа сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында жұмыстар жалғасатын болады.
Орталық қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
Career Enbek порталы;
HR Enbek порталында;
Әлеуметтік қызметтер порталында;
«1С-бухгалтерия» жүйесі;
«Documentolog»- ақпараттық жүйесіне өтінім беріліп жұмыс жүргізу қарастырылуда.
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Орталықта 2025 жылғы 1 маусымнан бастап 2026 жылғы 1 маусым аралығында жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері де болған жоқ.
«Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім).
Мекенжайы: БҚО, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 68 үй
Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлім басшысының 2026 жылғы 26 мамырдағы №17 н/қ бұйрығы негізінде бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж. – 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2026 ж. – 30.06.2026 ж.
Бөлімде 1 бөлімнен тұрады.
Бөлімге бағынысты ведомствалық 1 мекеме бар Ақжайық аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде есепті кезең бойынша жалпы штат саны 6. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілер 3 (1 бөлім басшысы, 2 бас маман болса соның біреуі есепші лауазымын атқарады). Штаттан тыс қызметкерлер 3 (1 хатшы, 1 іс-қағаз жүргізуші, 1 көлік жүргізуші) 2025 жылдың қыркүйек айында бөлім басшысының хатшысы, «Enbek.kz» базасы арқылы жұмысқа қабылданды.
Сонымен қатар талданатын кезеңде мемлекеттік және штаттан тыс қызметкерлер арасында кадр ауысушылығы бойынша: жұмысқа қабылданғандар -3 (бас маман-1, іс-қағаз жүргізуші – 1). Жұмыстан босатылғандар -1 бас маман. «eQyzmet» жүйесі арқылы 2026 жылдың 8 сәуірінде БҚО «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» ММ-нің конкурстық іріктеу кезеңдерінің нәтижесімен Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы лауазымына жұмысқа қабылданды. 2026 жылдың 12 мамырында «Enbek.kz» базасы арқылы бос орын (бала күтіміне байланысты демалыста) жарияланып, уақытша лауазымына іс-қағаз жүргізуші жұмысқа қабылданды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босатылған жоқ.
Талдау жүргізілген 2025 жылдың 1 маусым 2026 жылдың 1 маусым аралығында тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Бөлім қызметкерлерімен 2025 жылға салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылды.
Талдау жүргізілген аралықта бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
Бөлім қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. 2025 жылдың 1 маусым 2026 жылдың 1 маусым аралығында бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімінің функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-не 2025 жылға бөлінген қаржы 74 млн
777 мың теңге, жыл соңында қаржы 74 млн 775 мың теңге болып, жоспар 100 пайызға игерілді. Қалған қалдық 1,7 мың теңге, бюджетке қайтарылды.
Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-не 2026 жылға бөлінген қаржы 75 млн
467 мың теңге, соның ішінде 1 қаңтар мен 31 мамыр аралығында соның ішінде 27 млн 982 мың теңгесі, яғни 37 пайызға игерілді. Қалған қаржыны жыл соңына дейін заң аясында және мақсатты игеру.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады. Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімі бойынша 2025 жылдың 1 маусым 2025 жылдың 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып бойынша 15 келісім шарт жасалды, оның 100% орындалды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңбері бойынша 4 келісім шарт жасалды . Бір көзден сатып алу тәсілімен 5 келісім шарт жасалды. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен 2 келісім шарт жасалды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 4 келісім шарт жасалды.
2026 жылдың 1 қаңтар 2026 жылдың 31 мамыр аралығында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарында қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып жалпы саны 16 келісім шартқа отырылды, оның 39,5 % орындалды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңбері бойынша
4 келісім шарт жасалды. Бір көзден сатып алу тәсілімен 3 келісім шарт жасалды. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен 4 келісім шарт жасалды. Ашық конкурс тәсілімен 2 келісім шарт жасалды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен
3 келісім шарт жасалды.
Жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар уақтылы және тиісті деңгейде жүргізілуде. Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында үнемі мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері тікелей басшымен туыстық қарым-қатынаста емес. Талдау аралығындағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Барлық мемлекеттік сатып алу келісім шарттары заңдылыққа сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында жұмыстар жалғасатын болады.
Бөлімінің қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«Documentolog»- ақпараттық жүйе;
«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;
«E-Qyzmet» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;
«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;
«1С-бухгалтерия» жүйесі;
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Азаматтардың өтініші, арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының
2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. Бөлімге түскен барлық өтініштер «Е-өтініш» платформасы арқылы тіркеліп, Кодекс талаптарына және заңнамалық актілерге сай уақытылы жауаптары беріліп отырады.
Бөлімде 2025 жылдың 1 маусым 2026 жылдың 1 маусым аралығында жеке тұлғалардан – 11, заңды тұлғалардан – 5 өтініш келіп түсті, барлығы электрондық түрде. Түскен өтініштер Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері болған жоқ.
Ақжайық аудандық Ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
Ақжайық аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-сі
Мекенжайы: БҚО, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 40 үй
Ақжайық аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысының 2026 жылғы 26 мамырдағы № 13 н/қ бұйрығы негізінде орталық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж. – 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2025 ж. – 01.06.2026 ж.
Бөлімде 1 бөлімнен тұрады.
Ақжайық аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бағынысты ведомствалық мекемелер жоқ.
Ақжайық аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде есепті кезең бойынша жалпы штат саны 39.
Соның ішінде 1 бөлім басшысы, 1 есепші, 1 психолог, 1 статист, 1 дін ісі жөніндегі кеңесші маман, 21 кеңесші маман.
Кіші қызметкерлер 13 (6 күзетші, 2 еден жуушы, 1 көлік жүргізуші, 4 газ оператор (маусымдық жұмыс).
2025 жыл 9 бос жұмыс орнына вакансия жарияланса, 2026 жыл 15 бос жұмыс ваканциясы жарияланды.
Сонымен қатар бағаланатын кезеңде азаматтық қызметкерлер арасында кадр ауысушылығы бойынша: жұмысқа қабылданғандар 12. Оның ішінде кеңесші мамандар - 1 (Нәсіп А.С), Жаңабұлақ, Сарытоғай, Чапаев а/о жастар ісі жөніндегі кеңесші мамандар (тұрақты жұмысқа) -3 (Бекбулатова Д.А, Кадырханова И.К, Темирбулатова У.Д). Бала күтімі демалысына байланысты (уақытша) Құрайлысай а/о жастар ісі жөніндегі кеңесші мамандар- 1
(Хабиева А,Д), бала күтімі демалысынан Алмалы а/о жастар ісі жөніндегі кеңесші маман-1(Хасанова Д.Н), психолог-1 (Аугалиева Д.С), дін ісі жөніндегі кеңесші маман –1
(Маратов Ж.С), көлік жүргізушісі -1 (Селеуов Н.Д ), күзетші – 2 (Ибраев Е.З, Кулмуханов У.Д), кіші қызметкер-1 (Сисенгалиева Г.Т) жұмысқа орналасты.
Жұмыстан 7 адам босатылды: 1 кеңесші маман (Жаконова Ж.Т) өз еркімен, 1 Тайпақ а/о жастар ісі жөніндегі кеңесші маманы (Аманжолов Ә.Ғ) басқа жұмысқа орналасуына байланысты,1 Алмалы а/о жастар ісі жөніндегі кеңесші маман (уақытша) (Ермуханова Н.Г) бала күтімі демалысының аяқталуына байланысты, 1 күзетші (Нуржанов С.Е), 1 кіші қызметкер (Исмагулова Х.Ш) зейнеткерлік жасқа шығуына байланысты,1 күзетші (Капашев Е.У), 1 көлік жүргізушісі (Ғазизов Н.С) өз еркімен. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босатылғандар жоқ.
Орталық қызметкерлерінің салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде толық ұсынылды.
Талдау жүргізілген аралықта орталық қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
Орталық қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. 2025 жылдың 1 маусым 2026 жылдың 1 маусым аралығында бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беру.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
Ақжайық аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-не 2025 жылға 1 маусым мен 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік сатып алу бойынша 8609,2 мың теңге қаражат бөлінді. Игерілгені 100 %.
2026 жылы мекеменің мемлекеттік сатып алу бойынша 5063 мың теңге қаражат бөлінді, соның 1060,1 мың теңгесі яғни 20,9 % игерілді. Қалған қаржы жылдың соңына дейін игеріледі.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Орталықтың 09.12.2025 жылғы №56 н/қ бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ.
Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырындағы №223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.
Ақжайық аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бойынша 2025 жылға 1 маусым мен 31 желтоқсан аралықта мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып бойынша 9 келісім шарт жасалды, оның ішінде баға ұсыныстарын сұрау арқылы-3, бір көзден тұрақты емес-5. 100% орындалды. Бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен 1 хабарлама ойнатылды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 1 шақырту жіберілді.
2026 жылдың 1 қаңтарынын – 31 мамыр аралығында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарында қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып жалпы саны 7 келісім шартқа отырылды бір көзден тұрақты емес-5. 71 % орындалды. Бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен 2 хабарлама ойнатылды.,
Жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар уақтылы және тиісті деңгейде жүргізілуде. Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында үнемі мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қызметкерлері тікелей басшымен туыстық қарым-қатынаста емес. Талдау аралығындағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Барлық мемлекеттік сатып алу келісім шарттары заңдылыққа сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында жұмыстар жалғасатын болады.
Мекеменің қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі.
«1С-бухгалтерия» жүйесіне шарт жасалып, енді орнатылады.
Азаматтардың өтініші, арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының
2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. Талдау жүргізілген аралықта мекемеге өтініш түскен жоқ, өтініш түскен жағдайда заң талабына сәйкес жауап беріледі.
«Ақжайық аудандық сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Мекенжайы: БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, №70
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» басшысының 2026 жылғы 26 мамырдағы №25 НҚ бұйрығы негізінде бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж – 01.06.2026 ж
Талдау кезеңі: 01.06.2026 ж – 30.06.2026 ж
Бөлім бір бөлімнен тұрады.
Бөлімде ведомстволық мекемелер жоқ.
Бөлімде талданатын кезең бойынша штат саны - 4 бірлік, оның ішінде 1 – бөлім басшысы, 3 - бас маман. Штаттан тыс қызметкерлер – 4 бірлік. Оның ішінде 1 – хатшы, 1 – іс жүргізуші, 0,5 - статист, 1 – көлік жүргізуші.
Талдау жүргізілген 2025 жылдың 1 маусымынан 2026 жылдың 1 маусым аралығында тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік қызметшілер тартылмады. Мемлекеттік қызметшілердің кадр ауысушылығы бойынша: кадр ауысушылығы болмады, мемлекеттік қызметке кір келтіретін не сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жұмыстан босатылғандар жоқ.
Конкурс бойынша жұмысқа қабылданғандар жоқ.
Сонымен қатар талдау кезеңде штаттан тыс қызметкерлер арасында кадр ауысушылығы болмады.
Таза ауысымдылық -0% құрады.
Жаңа тағайындалымдар болмады.
Талданып отырған кезеңде бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Бөліммен 2025 жылдың 1 маусымынан 2026 жылдың 1 маусым аралығында барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.
«Батыс Қазақстан облысының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетеді. Бақыланатын кезеңде бұл мемлекеттік қызмет тұрақты түрде көрсетілуде.
«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі бойынша
417 қызмет көрсетілді.
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша есепті кезеңде 362 қызмет көрсетілді.
«Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 48 қызмет көрсетілді.
«Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша есепті кезеңде 153 қызмет көрсетілді.
Барлық мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны - 980.
Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Рұқсат беру функцияларын іске асырылмайды.
Бақылау-тексеру функциялары жүзеге асырылмайды.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады. Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Бекітілген мемлекеттік сатып алудың 2025 жылға арналған бастапқы жоспары көрсеткіштерінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларына сәйкестігі.
«Ақжайық ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2025 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 желтоқсаны аралығында алты бағдарлама бойынша мемлекеттік сатып алу саласына 1 776 172 мың теңге қаражат бөлінді.
1 774,395,83 теңгесі яғни 99,9 % игерілді. Қалған қаражат бюджетке қайтарылды.
Бөлімнің 2026 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 559 159,027 мың теңге қарастырылды, игерілгені 232 167,466 теңге – 41,5% құрайды, қалған қаражат жыл соңына дейін игеріледі және экономия болған қаржы бюджетке қайтарылады.
Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Бөлімнің 12.12.2025 жылғы №72 НҚ бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ.
Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызмет Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз етуге, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі, қаржыландыру жоспарының орындалу барысы, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысу жағдайы, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуы тиіс.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық міндеттемелерін орындау) сәйкес, мекеменің дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлемдер мен берешек сомалары жоқ.
2025 жылдың 1 маусымынан 2026 жылдың 1 маусым аралығында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып алу бойынша 91 келісім шарт жасалды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен
1 шақырту жіберілді.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Бөлімінің қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«Documentolog»- ақпараттық жүйе;
«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;
«E-Qyzmet» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;
«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;
«Elicense» ақпараттық жүйесі;
«ИИС ЦОН» ақпараттық жүйесі;
«1С-бухгалтерия» жүйесі;
«АИС ГГК» жүйесі;
«АРМ ЕГКН» жүйесі;
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
«Геопортал» жүйесі
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. Бөлімге түскен барлық өтініштер «Е-өтініш» платформасы арқылы тіркеліп, Кодекс талаптарына сәйкес уақытылы жауаптары беріліп отырады.
2025 жылдың 1 маусымынан 2026 жылдың 1 маусым аралығында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 12 өтініш түсті. Түскен өтініштердің мағынасына қарай бөлетін болсақ, төлем счеттары, жер мәселелері бойынша өтініштің басым бөлігін құрайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері де болған жоқ.
«Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемкорлыққа қарсы мониторинг жүргізу туралы
Талданатын объект туралы мәлімет:
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - Бөлім).
Мекенжайы: БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қазақстан көш. №69
Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының
2026 жылғы 26 мамырдағы №35-н/қ бұйрығы негізінде бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж. - 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2026 ж. - 30.06.2026 ж.
Бөлімнің жалпы штат саны талданып отырған кезең аралығында – 12. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер саны - 6 бірлік, 1 - бөлім басшысы, 1 – сектор меңгерушісі, 4-бас маман. Штаттан тыс қызметкерлер саны да – 6 бірлік, 1 – хатшы, 1 – еден жуушы,
1 – жүргізуші, 3 – күзетші.
Өз еркімен жұмыстан босатылған қызметкерлер саны – 1. Бөлімнің сектор меңгерушісі А.Макбузов жұмыстан шықты (бұйрық 01.07.2025 ж. №8-ж/қ), бөлімнің сектор меңгерушісі Ж.Галимжанов жұмысқа кірді (бұйрық 20.08.2025 ж. №10-ж/қ)
Таза ауысымдылық – 8,3% құрады.
Тәртіптік жазаға тартылған қызметкерлер жоқ.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс өткізілген жоқ.
Жұмыстан босатылғандар жоқ.
Талданып отырған кезеңде бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.
Бөлім қызметкерлерімен 2025 жылға салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде толық ұсынылды.
Мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Бөліммен 01.06.2025 – 01.06.2026 аралығында барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.
Барлық мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны - 1247.
Аталған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алған заңбұзушылықтар болған жоқ.
Бөлім қызметінің құзыретінде рұқсат беру функциялары қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің
90-бабының 1-тармағына сәйкес бөліммен «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру» және «өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау» жүргізіледі. Есепті кезеңде тексеріс жұмыстар саны - 3.
«Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2025 жылдың 1 маусымы мен 2026 жылдың 1 маусымы аралығында мемлекеттік сатып алу бойынша 4 024,0 мың теңге қаражат бөлінді. Соның 4 024,0 мың теңгесі, яғни 100% игерілді.
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 1 маусымы мен 2026 жылдың 1 маусымы аралығында мемлекеттік сатып алу бойынша 31 келісім шарт жасалып, 100% орындалды. Соның ішінде бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен 29 хабарлама ойнатылды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 2 шақырту жіберілді. Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімнің қызметкерлері тікелей басшымен туыстық қарым-қатынаста емес. Талдау аралығындағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Бөлім өз қызметінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Азаматтардың өтініші, арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының
2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. Бөлімге түскен барлық өтініштер «Е-өтініш» платформасы арқылы тіркеліп, Кодекс талаптарына және заңнамалық актілерге сай уақытылы жауаптары беріліп отырады.
Бөлімге 2025 жылдың 1 маусымы мен 2026 жылдың 1 маусымы аралығында 14 жеке және 15 заңды тұлғалардан жалпы алғанда – 29 өтініш келіп түсті. Оның барлығы бірдей жазбаша. Түскен өтініштер қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласында жүргізіліп жатқан несие түрлерімен таныстыру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлердің өнімдері туралы ақпаратты тарату бағытында болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері де болған жоқ.
«Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесісыбайлас жемқорлыққа қарсымониторинг жүргізу туралы
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»мемлекеттік мекемесі.
Мекенжайы: БҚО, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 70 үй
«Ақжайық ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» басшысының 2026 жылғы 26 мамырдағы №27НҚ бұйрығы негізінде бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
1.Самиғолла Дильназ Рахатқызы -бас маман
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж. - 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2026 ж. - 30.06.2026 ж.
Бөлім 1 бөлімнен тұрады.
Бөлімге бағынысты ведомствалық мекеме бар («Жайықтехсервис» МКК).
«Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»мемлекеттік мекемесінің қызметінде есепті кезең бойынша жалпы штат саны 6.
Соның ішінде мемлекеттік қызметшілер 4 (1 бөлім басшысы, 2 бас маман, 1 бас маман (есепші).
Штаттан тыс қызметкерлер 2 (1 көлік жүргізуші; 1 хатшы)
Сонымен қатар бағаланатын кезеңде мемлекеттік және штаттан тыс қызметкерлер арасында кадр ауысушылығы бойынша: жұмысқа қабылданғандар - 2, оның ішінде мемлекеттік қызметкер - 1 (Қабдраш А), штаттан тыс қызметкерлер 1 (Курбанбаева Н).
Бөлім қызметкерлерімен 2025 жылдарға салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде толық ұсынылды.
Талдау жүргізілген аралықта бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
Бөлім қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. 2025 жылдың 1 маусымнан 2026 жылдың 1 маусым аралығында бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Бөліммен талданатын кезең аралығында барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық және қағаз жүзіндеақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.
Барлық мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны - 27 (Оның ішінде қағаз жүзінде көрсетілген қызметтер саны-21).
1)«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» - мемлекеттік қызметі бойынша – 6;
2) Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы (Есепті кезеңде өтініш түскен жоқ).
Жазбаша көрсетілген қызметтер түрі
1) «Тұрғын үй сертификаттарын беру» - 2
2) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметі бойынша - 19,
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет регламентін бұзып көрсету, өтініш иелерінен шағым, арыз түскен жоқ.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
01.06.2025-01.06.2026 жылы бюджет 496 870,0 мың теңгені (төрт жүз тоқсан алты миллион сегіз жүз жетпіс мың теңге нөл тиын ) құрады, оған: жалақы қоры, іссапар шығыстары, отынды сатып алу, негізгі құралдарды ұстау және қызмет көрсету, сайт пен бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету – 40 093,0 мың теңге, тұрғын үйді сатып алу бағдарламасы аясында – 10 070,0 мың теңге «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы» аясында – 10 000,0 мың теңге, «Автомобиль жолының қызметін қамтамасыз ету бағдарламасы» аясында – 227 365,0 мың теңге, Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру аясында – 1 080,0 мың теңге, Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау аясында – 437,0 мың теңге, Қараусыз және қаңғыбас жануарларды анықтау аясында – 125,0 мың теңге, Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру аясында – 763,0 мың теңге, Әлеуметтік маңызы бар Қалалық, қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау аясында – 6 000,0 мың теңге, Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге – 73 907,0 мың теңге, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша – 2 804,0 мың теңге, «Тұрғын үй сертификатын беру» бағдарламасы аясында – 5 000,0 мың теңге, «Төтенше жағдайды алдын алу» бағдарламасы аясында - 41 400,0 мың теңге, Төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер аясында - 41 400,0 мың теңге.
Талданып отырған кезенге бөлінген 496 870,0 мың теңгенің жыл соңында – 100,0 %-ға бөлінген қаражат игерілді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының талаптары сақталған және де өткізілген сатып алуларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер байқалмайды. Талдану кезеңі аралығында бөлімде мемлекеттік сатып алу бойынша 11 келісім шартжасалған болатын.
Аппарат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Аппаратың қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«Documentolog»- ақпараттық жүйе;
«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;
«1С-бухгалтерия» жүйесі;
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық сервисі.
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талданып отырған кезеңде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан барлығы 116 өтініш келіп түсті, оның ішінде 98 өтініш жеке тұлғалардан, 18 өтініш заңды тұлғалардан. Қайталанған өтініштер түскен жоқ.
Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.
Бөлім басшысымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, бөлім орналасқан ғимаратта ілінген. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бөліммен қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орындалмаған.
«Ақжайық ауданы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық «Жайықтехсервис» кәсіпорны мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық «Жайықтехсервис» кәсіпорны.
Мекенжайы: БҚО, Чапаев селосы, Ықсанов көшесі 15.
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық «Жайықтехсервис» кәсіпорны 2026 жылғы 26 маусымдағы № 30нқ бұйрығы негізінде Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж – 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2025 ж. -30.06 .2026 ж
Кәсіпорын ұжымнан тұрады.
Кәсіпорын ведомстволық мекемелер жоқ.
Кәсіпорынның штат санын нақты жұмыс істейтін қызметкерлер саны сәйкестендіру мақсатында, ұзақ мерзімді бос орындарды жалақыға қаражат жоқтығына байланысты,
2026 жылдан 1 маусымнаң бастап штат кестесіне өзгерістер енгізілді, бос тұрған 20 (жиырма) штат бірлігі қысқартылды.
Кәсіпорын штат саны – 105. Оның ішінде 1 - кәсіпорын басшысы, 2 – бөлем меңгеруші,
1 – бас есепші, 1-экономист, 1 – госзакуп-материалдық есепші, 1 – абанеттік бөлімнің есепшісі, 1-кадр-комплеанс-офицер, 1 – іс жүргізуші, 1 – кассир, 6 – жұмысшы, 6 – тракторист,
5 – жүргізуші-спецтехника , 3 – көлік жүргізуші, 6 – күзетші, 2 – слесарь, 1-техжұмысшы,
1-электрик, 22 – су құбырын бақылаушы, 43 – су құбырының операторы. Штат тыс қызметкерлер – 6 онын ішінде -5 субсидияланатын жұмыс орны, -1 жастар практикасы, «Еnbek.kz» базасы арқылы бос орындар берілді қатысушылар болмауына байланысты маусым айында бос орын қайта жарияланады.
Сонымен қатар бағаланатын кезеңде азаматтық және штаттан тыс қызметкерлер арасында кадр ауысушылығы бойынша: жұмысқа қабылдағандар – 23, оның ішінде -3 күзетші, жұмысшы -7, -10 су құбырының операторы, - 1 тракторист, -1 электрик, -1 контролер.
Жұмыстан – 28 адам босатылды: 1-зейнеткерлікке шығуына, 1-соттың үкіміне байланысты (ҚР Қылмыстық кодексінің 346 бабы 1 бөлігіне қатынасты), 25-басқа жұмысқа орналасуына, 1-декреттік демалыс.
Олардың ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босатылғандар жоқ. Қызметкерлерге сыйақы беру және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесіне кәсіпорын мемлекеттік қызметті көрсетуге қаржы саласы бойынша жауапты маман кіргізілді.
Талданып отырған кезеңде кәсіпорын мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.
Ішкі талдау нәтижесі бойынша кәсіпорын қызметі жалпы қанағаттанарлық деп бағаланады. Кәсіпорынның негізгі қызметі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда, өндірістік және ұйымдастырушылық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Тексеру барысында құқық бұзушылықтар мен өзге де елеулі кемшіліктер анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету. Азаматтаық қызметтер көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Мемлекеттік кызметтер бойынша өтініштер бөлімі жок, аталған кезенде мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алған заңбұзұшылықтар болған жоқ. Алдағы уақытта заңғы сәйкес жұмыстану, келіп түскен мемлекеттік қызметтерге уақытылы жауап беру.
Рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.
Бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі. Талдау жүргізілген 2025 жылғы 1 маусымнан бастап 2026 жылдың 1 маусым аралығындағы жағдай бойынша кәсіпорында міндетті салық төлемдері бойынша берешек қалыптасқан. Берешектін туындауына негізгі себеп – қаржылық қиындықтар мен айналым қаражатының жеткіліксіздігі. Аталған берешекті өтеу мақсатында тиісті шаралар қабылданып, кезең-кезеңімен өтеу жұмыстары жүргізілуде. Салықтар бойынша берешек 11290,72 мың теңге (соцналог, пенсион, соцотчис, осмс, подоход) және ЗапКазРэк 26717,91 мең теңге (электроэнергия).
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Бекітілген мемлекеттік сатып алудың 2025 жылға арналған бастапқы жоспары көрсеткіштерінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларына сәйкес жасалады.
Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Кәсіпорының 20.05.2026 жылғы №27-НК бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Түгендеу заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуде. Заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Бухгалтерлік есеп 1С бағдарламасында жүргізіледі
Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызмет Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз етуге, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі, қаржыландыру жоспарының орындалу барысы, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысу жағдайы, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуы тиіс.
Ұсыным: алдағы уақытта бухгалтерлік есепте қателіктерге жол бермеу, аударымдарды тиісті денгейде аударуды ұйымдастыру жөнінде ескерту берілді.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Кәсіпорын өз қызметінде Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық «Жайықтехсервис» кәсіпорны мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. Бөлімге түскен барлық өтініштер «Е-өтініш» платформасы арқылы тіркеліп, Кодекс талаптарына сәйкес ауқытылы жауаптары беріліп отырады.
01.06.2025 – 01.06.2026 жылдың аралығында кәсіпорын жеке және заңды тұлғалардан өтініш түспеді.
«Ақжайық ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу туралы
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Ақжайық ауданының жер қатынастары бөлімі »мемлекеттік мекемесі.
Мекенжайы: БҚО, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 70 үй
«Ақжайық ауданының жер қатынастары бөлімі» басшысының 2026 жылғы
26 мамырдағы №15НҚ бұйрығы негізінде бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
1.Жұмабек Дильназ Жұмабекқызы -бас маман
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж. - 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2025 ж. - 30.06.2025 ж.
«Ақжайық ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде есепті кезең бойынша жалпы штат саны 6.
Соның ішінде мемлекеттік қызметшілер 4 (1 бөлім басшысы, 2 бас маман, 1 бас маман (есепші).
Штаттан тыс қызметкерлер 2 (1 көлік жүргізуші; 1 хатшы)
Көлік жүргізуші орыны ағымдағы жылдың наурыз айында enbek.kz порталында жарияланды. Қайта жарияланым мамыр айында жарияланды.
Сонымен қатар бағаланатын кезеңде мемлекеттік және штаттан тыс қызметкерлер арасында кадр ауысушылығы бойынша: жұмысқа қабылданғандар - 1, оның ішінде мемлекеттік қызметкер - 1 (Жұмабек Д), штаттан тыс қызметкерлер жоқ.
Бөлім қызметкерлерімен 2024, 2025 жылдарға салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде толық ұсынылды.
Талдау жүргізілген аралықта бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
Бөлім қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. 2025 жылдың 1 маусымнан 2026 жылдың 1 маусым аралығында бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Бөлім Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімімен бекітілген келесі қызметтерді көрсетеді:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен бекітілген. Бөлімде 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі.
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту»;
Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет қазіргі таңда «E-license» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Барлық мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны - 537. (Оның ішінде қағаз жүзінде көрсетілген қызметтер саны-537). Бұлардың ішінде мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ. Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты мен регламенті арнайы бұрышта ілінген.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады.
Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады.
Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының(бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызмет Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз етуге, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі, қаржыландыру жоспарының орындалу барысы, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысу жағдайы, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтары сақталуы тиіс.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық міндеттемелерін орындау) 36-бабына сәйкес, мекеменің дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлемдер мен берешек сомалары анықталмады..
Бөлімде талданатын уақыт аралығында бағдарлама бойынша мемлекеттік сатып алу саласына 4050.8 мың теңге қаражат бөлінді. Қаражат 100 % игерілді.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынанмемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Аппарат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Аппаратың қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«Documentolog»- ақпараттық жүйе;
«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;
«E-qazyna» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;
«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;
«1С-бухгалтерия» жүйесі;
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық сервисі.
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талданып отырған кезеңде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан барлығы 197 өтініш келіп түсті, оның ішінде 162 өтініш жеке тұлғалардан, 35 өтініш заңды тұлғалардан. Қайталанған өтініштер түскен жоқ.
Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.
Бөлім басшысымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, бөлім орналасқан ғимаратта ілінген. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бөліммен қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орындалмаған.
«Ақжайық ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген
ішкі талдау бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Ақжайық ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім).
Мекенжайы: БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Д. Қонаев көш. №70
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бөлім басшысының 2026 жылғы
26 мамырдағы №38 н/қ бұйрығына сәйкес бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең:01.06.2025 ж. – 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2025 ж - 30.06.2026 ж
Талданатын кезең бойынша мемлекеттік қызметшілердің штат саны 7 бірлік, оның ішінде 1 - бөлім басшысы, 1 - бөлім басшысының орынбасары, 1- сектор меңгеруші, 4-бас маман (1 бас маман 15.12.2025-01.06.2026 жж. бала күтіміне байланысты демалысы (декрет)). Штаттан тыс 3 бірлік, оның ішінде 1- басшының хатшысы, 1 – статист, 1 – көлік жүргізуші (лауазымы бос 1 бірлік).
2025 жылы өз еркімен жұмыстан босатылғандар болған жоқ.
Таза ауысымдылық – 0% құрады.
Талданатын кезең бойынша тәртіптік жазаға тартылған қызметкер бар.
Жыл басынан бастап жұмыстан босатылғандар болған жоқ.
Таза ауысымдылық -0% құрады.
2024 жылғы 24 маусымда бөлім басшысы тағайындалды.
Талданып отырған кезеңде бөлімде мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Бөлім Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімімен бекітілген келесі қызметтерді көрсетеді:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №275 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай қабылданған 2014 жылғы
6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің №72 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен бекітілген.
Бөлім «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметін жүзеге асырады. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет қазіргі таңда «Отбасы банк»АҚ-мен жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2025 жылдың 1 маусымынан - 2026 жылдың 1 маусым аралығында «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» бойынша 162 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді. Бұлардың ішінде мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты мен регламенті арнайы бұрышта ілінген.
Ережеге сәйкес Бөлімде рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.
Ережеге сәйкес бөлімде бақылау және қадағалау функциялары жоқ.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады.
Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Бөлімнің 01.06.2025-31.12.2025 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 10448872.97 мың теңге қарастырылды, игерілгені 100 %,
01.01.2026-01.06.2026 жылға 11258504,8 мың теңге қарастырылды, 100% игерілді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Бөлімнің 04.11.2025 жылғы №139 бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ.
Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуы тиіс.
Талданып отырған кезеңде бөлім жалпы сомасы 11505055,27 мың теңгеге 23 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:
1) Баға ұсыныстарын сұрау 362228.2 мың теңге сомасына 3 сатып алу;
2) Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 6917787.23 мың теңге сомасына
6 сатып алу;
3) Тікелей келісім-шарт арқылы бір көзден 5426048.49 мың теңге сомасына 6 сатып алу;
4) Ашық конкурс 884660.64 мың теңге 2 сатып алу
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Аппарат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Аппаратың қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«Documentolog»- ақпараттық жүйе;
«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;
«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;
«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;
«1С-бухгалтерия» жүйесі;
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық сервисі.
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талданып отырған кезеңде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан барлығы 27 өтініш келіп түсті, оның ішінде 26 өтініш жеке тұлғалардан, 1 өтініш заңды тұлғалардан. Қайталанған өтініштер түскен жоқ. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Бөлім басшысымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, бөлім орналасқан ғимаратта ілінген. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бөліммен қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орын алмаған.
«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Ақжайық ауданнының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім).
Мекенжайы: БҚО, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
Ақжайық ауданнының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлім басшысының 2026 жылғы 26 мамырдағы №19 н/қ бұйрығы негізінде Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2026 ж. – 30.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2025 ж. – 01.06.2026 ж.
Бөлімде 1 бөлімнен тұрады.
Бөлімге бағынысты ведомствалық мекемелер бар.
«Ақжайық ауданнының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде есепті кезең бойынша жалпы штат саны 6. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілер 4 (1 бөлім басшысы, 3 бас маман.)
Штаттан тыс қызметкерлер 2 ( 1 статист, 1 көлік жүргізушісі).
Сонымен қатар бағаланатын кезеңде азаматтық және штаттан тыс қызметкерлер арасында кадр ауысушылығы бойынша: жұмысқа қабылданғандар -2 (1 статист, 1 көлік жүргізушісі). Жұмыстан босатылған-1 сатист (2025 жылдың 1 қараша айынан бастап бос тұр). Статист маманы бос лауазымына «Enbek.kz» базасына арқылы 2025 жылдың желтоқсан айында және 2026 жылдың наурыз айында хабарландыру жарияланып, ешкім қатыспады, бос орынға маусым айында хабарландыру жарияланатын болады.)
Талдау жүргізілген 2025 жылдың 1 маусымынан 2026 жылдың 30 маусым аралығында тәртіптік жауапкершілікке тартылған 1 мемлекеттік қызметші. 2025 жылы қазан айының
25 күні бөлімнің бас маманы Р.Батыроваға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді.
Бөлім қызметкерлерімен 2025 жылға салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылды.
Талдау жүргізілген аралықта бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
Бөлім қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. 2025 жылдың 1 маусымынан 2026 жылдың 1 маусым аралығында бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Аудан бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде бөлім арқылы:
Бөлімге «Халыққа қызмет көрсету» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы тіркеліп, өтініш иелеріне жауап беріледі. 2025 жылдың 1 маусымынан 2026 жылдың 1 маусым аралығындағы бақыланған кезеңде бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Аталған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алған заңбұзушылықтар болған жоқ.
Алдағы уақытта заңға сәйкес жұмыстану, келіп түскен мемлекеттік қызметтерге уақытылы жауап беру.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
«Ақжайық ауданнының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-не 2025 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 желтоқсан аралығында бөлімде мемлекеттік сатып алу бойынша 14613.4 мың теңге қаражат бөлінді. Игерілгені 100 % игерілді.
2026 жылы мекеменің мемлекеттік сатып алу бойынша 214550.2 мың теңге қаражат бөлінді, соның 101177.2 мың теңгесі яғни, 47 % игерілді, қалғаны жыл сонына дейін игеріледі.
Ақжайық ауданнының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2025 жылға 1 маусым мен 31 желтоқсан аралықта мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып бойынша 13 келісім шарт жасалды, оның 100% орындалды. Бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен 4 хабарлама ойнатылды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 4 шақырту жіберілді. Тікелей шарт тұжырымы бір көзден сатып алу тәсілімен 4 шарт жасалды. Электронды дүкен 1шарт жасақталды.
2026 жылдың 1 қаңтарынан – 1 маусым аралығында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарында қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып жалпы саны 8 келісім шартқа отырылды, оның 47 % орындалды. Бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен 1 хабарлама ойнатылды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 3 шақырту жіберілді. Қалған пайызы жыл сонына дейін игеріледі.
Жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар уақтылы және тиісті деңгейде жүргізілуде. Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында үнемі мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақжайық ауданнының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері тікелей басшымен туыстық қарым-қатынаста емес. Талдау аралығындағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Барлық мемлекеттік сатып алу келісім шарттары заңдылыққа сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында жұмыстар жалғасатын болады.
Бөлімінің қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«Documentolog»- ақпараттық жүйе;
«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;
«E-Qyzmet» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;
«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;
«АИС Е-собес» ақпараттық жүйесі;
«Е-акимат» ақпараттық жүйесі;
«Халыққа қызмет көрсету» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі
«1С-бухгалтерия» жүйесі;
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Азаматтардың өтініші, арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. Бөлімге түскен барлық өтініштер «Е-өтініш» платформасы арқылы тіркеліп, Кодекс талаптарына және заңнамалық актілерге сай уақытылы жауаптары беріліп отырады.Бөлімде 2025 жылдың 1 маусымынан 2026 жылдың 1 маусым аралығында жеке тұлғалардан – 7 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 7 - жазбаша, 0 - ауызша. Түскен өтініштер жұмыс жөнінде, обьектілерге атау сұрау бағытында болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері де болған жоқ.
«Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме).
Мекенжайы: БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Д.Қонаев көш. №73
«Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі директорының 26.05.20269 жылғы № 23 нқ бұйрығы негізінде Мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талдау жүргізу мерзімі: 01.06.2025 ж. – 01.06.2026 ж.
Талдау жүргізу кезеңі: 01.06.2026 ж. – 30.06.2026 ж.
«Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 1 маусымға дейінгі жағдай бойынша жалпы штат саны 88/107. Соның ішінде азаматтық қызметшілер 88/86 (мемлекетік сатып алу маманы 2024 жылдың
1 тамызында, заңгер 2026 жылдың 13 cәуірінде жұмыстан босатылды. Бос лауазым еңбек.кз порталына осы уақыт аралығында үзіліссіз шығарылып келеді. 4 мамыр -19 мамыр, 2-ші рет 20 мамыр- 3 маусым аралығында, қосымша маусым айында салу жоспарлануда) кіші тех.қызметкерлер 107/106.
2025 жылдың 1 маусым мен 2026 жылдың 1 маусым аралығында мемлекеттік қызметшілердің кадр ауысушылығы бойынша: 14 азаматтық қызметші жұмыстан босатылды
(өз өтініштері негізінде) оның ішінде азаматтық қызметке кір келтіретін, не сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жұмыстан босатылғандар жоқ. Конкурс бойынша жұмысқа қабылданғандар – 9, заңгер – 1, кітапханашы– 8.
Сонымен қатар бағаланатын кезеңде кіші тех.қызметкерлер арасында кадр ауысушылығы бойынша: жұмысқа қабылданғандар - 65, оның ішінде (15 қазан – 15 сәуір аралығында жылыту маусымдығының байланысты 58 оператор жұмысқа қабылданып, жұмыстан босатылады), кіші тех.қызметкер – 6, көлік жүргізуші -1. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босатылғандар жоқ.
Талдау жүргізілген 2025 жылдың 1 маусым мен 2026 жылдың 1 маусым аралығында тәртіптік жауапкершілікке тартылған азаматтық қызметші жоқ.
«Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен 2025 жылға салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.
Мекеме қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. 2025 жылдың 1 маусым мен 2026 жылдың 1 маусым аралығында мекемеде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Жалпыға қолжетімді қағидаттар негізінде қоғамның әмбебап ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша әлеуметтік, мәдени, білім беру және кітапханалық қызмет көрсету функцияларды жүзеге асыру үшін кітапханалық, библиографиялық және анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету тегін жүзеге асырылады.
- Жинақталған білімді адамзат жадында құжаттар және дәстүрлі емес ақпарат тасығыштар түрінде сақтау;
- Қоғамда әдеби насихат, ақпаратты тарату.
- Халыққа ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету;
- Қоғамның әрбір мүшесінің рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ең алдымен ұлттық және өлкетану әдебиетін насихаттау, мәдени демалысты ұйымдастыру арқылы халықтардың ұлттық мәдениеттерін өзара байытуға бағытталған мәдени-ағарту қызметі;
- Оқырмандардың сұраныстарын зерттеу және толық қанағаттандыру.
- Кітапхана қорларын жинақтау және сақтау, пайдаланушыларға ақпараттық және кітапханалық қызмет көрсету, мәдени – ағартушылық, ғылыми және әдістемелік қызмет.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ.
5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.
«Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінде нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңына сәйкес мекеменің дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша кешіктір анықталған жоқ.
«Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-де 2025 жылдың 1 маусым – 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік сатып алу порталына 42 981,3 мың теңге қаражат бөлінді. Игерілгені 42 981,3 мың теңгесі яғни 100%. 2026 жылдың 1 қаңтар - 1 маусым аралығында 16 218,7 мың теңге қаражат бөлінді. Игерілгені 5247,2 мың теңгесі яғни 32,3% игерілді. Қалған сомасы жыл соңына дейін игеріледі.(Оның ішінде коммуналдық қызметтер және өзге де жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу). Осы аралықта мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып бойынша 127 келісім шарт жасалды, оның 100% орындалды. Бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен 76 хабарлама ойнатылды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 10 шақырту жіберілді, бір көзден 16, о маркет – 21, ашық конкурс – 4.
Талдау жүргізілген кезеңде 3 әлеуетті өнім берушілер Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданып, бір іс бойынша іс жүргізу өндірісі тоқтатылған. екі әлеуетті өнім беруші жосықсыз деп танылған.
Мекеменің қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;
«1С-бухгалтерия» жүйесі;
«E-otinish» біріңғай платформасы.
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Азаматтардың өтініші, арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. Бөлімге түскен барлық өтініштер «Е-өтініш» платформасы арқылы тіркеліп, Кодекс талаптарына және заңнамалық актілерге сай уақытылы жауаптары беріліп отырады. Мекемеде 2025 жылдың 1 маусым 2026 жылдың 1 маусым аралығында жеке тұлғалардан – 1, заңды тұлғалардан – 4 өтініш келіп түсті, барлығы электрондық түрде. Түскен өтініштер мемлекеттік сатып алу порталы бағытында болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері де болған жоқ.
«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жігер спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Жігер спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - мекеме).
Мекенжайы: БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Есенжанов көшесі № 106
«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жігер спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысының 2026 жылғы 26 мамырдағы № 80 бұйрығы негізінде, мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
1.Кажгалиев Уразбай Джигербаевич – «Жігер спорт клубы» МКҚК заңгері
2.Нургалиева Фарида Данияровна – «Жігер спорт клубы» МКҚК кадр маманы
3.Капашева Асемгул Максутовна – «Жігер спорт клубы» МКҚК бас есепшінің у.м.а.
4.Шанаев Асхат Гиззатович – «Жігер спорт клубы» МКҚК шаруашылық меңгерушісі
5.Үмбеталиев Максим Жаншаұлы –Ақжайық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісімі бойынша )
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж – 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2026 ж - 30.06.2026 ж.
«Жігер спорт клубы» МКҚК қызметінде есепті кезең бойынша жалпы штат саны - 75 бірлік
Чапаев СК-бірлік-42,5 бірлік Соның ішінде, 1 бірлік -38, 0,5 бірлік-5. Соның ішінде соның ішінде 1бірлік-директор, 1бірлік- шаруашылық меңгеруші, 1 бірлік-бас есепші, 1бірлік-әдіскер, 1 бірлік-заңгер, 1 бірлік-кадр маманы, 1 бірлік мемлекеттік сатып алу менеджері,
1 бірлік материалдық есепші, 0,5 бірлік-ұйымдастырушы, 16-бірлік-спорт–нұсқаушы,
2-0,5 бірлік спорт-нұсқаушы, 0,5 бірлік-электрик, 1 бірлік-сантехник, 0,5 бірлік–мейіргер,
2 бірлік-жүргізуші, 1 бірлік-аула сыпырушы, 4 бірлік–күзетші, 4 бірлік–оператор, 4 бірлік-еден жуушы қызмет атқаруда.
Тайпақ СК-20,5 бірлік. Соның ішінде, 1 бірлік-меңгеруші, 1 бірлік-шаруашылық меңгеруші, 1 бірлік-әдіскер, 0,5 бірлік -ұйымдастырушы, 2 бірлік-спорт–нұсқаушы, 0,5 бірлік–мейіргер, 1 бірлік жүргізуші, 0,5 бірлік бағдардламашы, 0,5 бірлік-электрик, 0,5 бірлік–сантехник, 1 бірлік-аула сыпырушы, 4 бірлік-күзетші, 4 бірлік оператор, 3 бірлік-еден жуушы қызмет атқаруда.
Есенсай СК -12 бірлік. Соның ішінде, 1 бірлік-меңгеруші, 1 бірлік-әдіскер, 1 бірлік-спорт – нұсқаушы, 3 бірлік -күзетші, 4 бірлік–оператор, 2 бірлік-еден жуушы қызмет атқаруда.
Қазіргі уақытта Чапаев СК бойынша 3 бірлік ваканция бар, 1 бірлік мемлекеттік сатып алу менеджері 2024 жылдың қаңтар айынан бастап бос. Лауазымды орынның ұзақ уақыт бос тұруы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін. Алайда бос жұмыс орны 1 бірлік enbek.kz сайтына бірнеше рет жарияланды. Жарияланған бос жұмыс орнына арнайы білімі бар есепшінің болмауына байланысты мемлекеттік сатып алу менеджері орны бос тұр. Қызметтік қажеттілікке байланысты («Жігер спорт клубы» МКҚК бас есепшісі А.Маутовтың келісімімен, келісім шарт негізінде уақытша 0,5 бірлік 2024 жылғы 2 желтоқсанынан бастап негізгі жұмысына қосымша жүктелінді, 0,5 бірлік электрик лауазымы кәсорын ашылғаннан бері бос тұр. Электрик қызметіне қажетті маманның болмауына байланысты, өз келісімі бойынша шаруашылық меңгерушісіне жүктеліп келді. Электрик жұмысын атқаруға тиісті арнайы куәлігі бар. Шілде айында бос орын ретінде конкурсқа беріледі. Шаруашылық меңгерушісі А.Шанаевтан өз өтініші бойынша 2026 жылдың 1 маусымынан бастап 0,5 бірлік жұмысы алынып тасталды. және 1 бірлік әдіскер лауазымы 2025 жылдың желтоқсан айынан бері бос тұр. 1 бірлік enbek.kz сайтына бірнеше рет жарияланды. Жарияланған бос жұмыс орнына арнайы білімі бар маманның қатыспауына және болмауына байланысты спорт-нұсқаушы орны бос тұр. Қызметтік қажеттілікке байланысты «Жігер спорт клубы» МКҚК спорт-нұсқаушысы Р.Абатұлының келісімімен, уақытша 0,5 бірлік жұмысы жүктеліп, негізгі жұмысымен қоса атқаруда. Тайпақ СК бойынша 2 бірлік – спорт-нұсқаушы ваканция бар (оларға шілде айында конкурс жарияланады). Есенсай СК бойынша ваканция жоқ.
Бос тұрған штат санын жабу мақсатында есепті кезең бойынша Enbek.kz парталына хабарландыру беру жұмыстары жүргізілді. 2025 жылдың 1 маусымынан 2026 жылдың 1 маусым аралығында 40 рет конкурс отырыстары өткізілді. Конкурс нәтижесі бойынша Чапаев -24, Тайпақ-7, Есенсай -12 адам жұмысқа алынды.
01.06.25-01.06.2026 ж. аралығында өз еркімен жұмыстан босатылғандар саны - Чапаев барлығы -16 адам, 2025 ж.-12 (соның 1-басқа жұмысқа ауысуына және 1-зейнеткерлік жас толымына байланысты), 2026ж.-4, Тайпақ СК бойынша барлығы – 7, 2025ж.-2 ,2026ж.-5, Есенсай 2025ж.-0, 2026ж.-0: Олардың ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босатылғандар жоқ.
Талдау жүргізілген 2025 жылғы 1 маусымнан бастап 2026 жылдың 1 маусым аралығында «Жігер спорт клубы» МКҚК бас есепшісі А.Маутовқа еңбек тәртібін бұзуға жол бергені үшін 2025 жылғы 08 шілдесіндегі «Жігер спорт клубы» МКҚК директорының №88 бұйрығымен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. «Жігер спорт клубы» МКҚК күзетшісі Б.Утегеновке қызмет тәртібін бұзуға жол бергені үшін 2025 жылғы 1 тамызында «Жігер спорт клубы» МКҚК директорының №103 бұйрығымен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар, аудандық прокуратурасы 2023-2025 жылдарына жергілікті атқарушы органдардың қызметінде, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдылықтың сақталуы, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық сәйкестігіне жоспарлы тексеріс жүргізді. Нәтжесінде, бірқатар кемшіліктер анықталып, «Жігер спорт клубы» МКҚК бас есепшісі А.Маутовқа, материалдық есепші А.Капашеваға және шаруашылық меңгерушісі А.Шанаевқа заңбұзушылықтың орын алуына жол бергендері үшін 2026 жылғы 17 ақпандағы «Жігер спорт клубы» МКҚК директорының №25 бұйрығымен әрқайсысына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Мекеме қызметкерлерімен 2025 жылдың салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде толық ұсынылды.
Талданып отырған кезеңде мекеменің азаматтық қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Ұсыным: жауапты мамандарға тиісті ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау, кемшіліктерге жол бермеу мақсатында құқықтық оқытуды ұйымдастыру.
Талдау жүргізілген аралықта бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
Бөлім қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. 2025 жылдың 1 маусымынан 2026 жылдың 1 маусым аралығында мекемеде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
«Жігер спорт клубы» мемлекетік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз қызметін Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімінің бекітілген қаулысымен, Жарғыға сәйкес жүзеге асырады. « Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жігер спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі / бұдан әрі- Мекеме/ өңірлік деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына қолдау көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мекеме қызметінің мәні ұлттық спортты шынықтыруды, салауатты өмір салтын және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға жағдай туғызу болып табылады.
Мекеме қызметінің мақсаты: Ақжайық ауданының аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы өндірістік шаруашылық қызметі, қызмет көрсетулерді жүзеге асыру болып табылады.
Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Ұлттық спорт түрлеріне, кешенді спартакиаларды және мерекелік күндерге арналған бұқаралық –спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
2) Спорт түрлері бойынша жоғарғы білікті спортшыларды дайындау үшін жағдай жасау;
3) Спорт ардагерлеріне қолдау мен көмек көрсету;
4) Жұртшылықпен, жанкүйлермен, облыс активтері мен спорттың қалыптасуы мен дамуына мүдделі тұлғалармен байланыс орнату арқылы спортты, салауатты өмір салтын насихаттау;
5) Дене шынықтыру және спорт мамандарының, жаттықтырушы, оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру мақсатында семинарлармен басқа да түрлері іс-шаралар ұйымдастыру, өткізу:
6) Спорт базалары мен оңалту орталықтарын ұйымдастыруға ықпал ету;
7) Спорттың әр түрінен аудандық команда құрып, облыстық және республикалық сайыстыруға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Жігер спорт клубы» МКҚК-на 2025 жылы мекемеге бөлінген қаражат 196994,0 мың теңге, 196994,0 мың теңгесі яғни, 100 % игерілді. 2026 жылдың
1 қаңтарынан 1 маусым аралығына бөлінген қаражат 97687,0 мың теңге, соның игерілгені 97687,0 мың теңге.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның 04.11.2025 жылғы №41 нк бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ. Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуы тиіс.
Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі «Жігер спорт клубы» МКҚК-сы бойынша 2025 жылдың 1 маусымынан – 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарында қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып жалпы саны 51 келісім шартқа отырылды, оның 100 % орындалды, Бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен 24 хабарлама ойнатылды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 8 шақырту жіберілді. Конкурстың екінші кезеңі негіздемелік келісімді пайдалана отырып 6 келісім шарт және тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден 6 келісім шарт жасалды. 2026 жылдың 1 қаңтарынан – 1 маусым аралығында мемлекеттік сатып алу тоқсандық жоспарында қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып жалпы саны 23 келісім шартқа отырылды, ол 100 % орындалды. Бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен 5 хабарлама ойнатылды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 6 шақырту жіберілді. Жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар уақтылы және тиісті деңгейде жүргізілуде. Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында үнемі мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік мекемесі «Жігер спорт клубы» МКҚК қызметкерлері тікелей басшымен туыстық қарым-қатынаста емес. Талдау аралығындағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Барлық мемлекеттік сатып алу келісім шарттары заңдылыққа сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында жұмыстар жалғасатын болады.
Мекеме өз қызметінде «Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жігер спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімінің бекітілген қаулысымен бекітілген Жарғыға сәйкес және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Кәсіпорынның қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда :
«Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;
«1С-бухгалтерия жүйесі»
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі.
«Жігер спорт клубы» МКҚК-да 2025 жылғы 1 маусымнан 2026 жылғы 1 маусым аралығында жеке тұлғалардан 1-өтініш түсті. Өтінішке заңға сәйкес жауап берілді. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері де болған жоқ.
Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақжайық аудандық мәдени – демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Ақжайық аудандық мәдени – демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын).
Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы Қазақстан көшесі №55.
«Ақжайық аудандық мәдени – демалыс орталығы» МКҚК директорының 2026 жылғы
26 мамырдағы № 31 н/қ бұйрығы негізінде Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
1.Кайбалиева Гулжамал Сафиуллиновна - кәсіподақ ұйымының төрайымы
3.Сарсенов Мұрат Бисекешұлы – «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. /келісім бойынша/
4.Нургалиев Ануар Куатович – көркемдік жетекші
5.Бағыберген Арайлым Қанатқызы -Заңгер
Талданатын кезең: 01.06.2025-01.06.2026 жж.
Талдау кезеңі: 01.06.2026-30.06.2026 жж.
1.Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.
Талдау кезеңі бойынша кәсіпорында жалпы штат саны - 349. Соның ішінде 1 кәсіпорын директоры, 20 әкімшілік мамандар (6 есепші, 1 заңгер, 1 әкімші, 4 сахна технигі, 1 инженер техник, 1 хатшы, 2 көлік жүргізуші, 2 шаруашылық меңгерушісі, 1 костюмер, 1 экономист менеджер), мәдениет қызметкерлер 86, кіші қызметкерлер-242. Талданатын уақытта Жамбыл ауылдық мәдение үйінің сүйемелдеушісі- 1 бірлік , Жаңабұлақ ауылдық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі – 1 бірлік лауазымдары бос. «Enbek.kz» базасы арқылы бос орын туралы конкурс берілді, қатысушылар болмауына байланысты лауазымды орындар бос тұр. Сонымен қатар бағаланатын кезеңде азаматтық қызметкерлер арасында кадр ауысушылығы бойынша: жұмысқа қабылданғандар -9, (Музыкалық жетекші, Заңгер, Қабыл ауылдық клубының сүйемелдеуші, режиссер, режиссердің көмекшісі, кассир, әдіскер, қаржы шаруашылық жөніндегі орынбасары, Бударин ауылдық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі, Тайпақ ауылдық мәдениет үйінің балетмейстері,Мойылды ауылдық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі) Жұмыстан өз еркімен босатылғандар-10, ауысу тәртібімен -1 Олардың ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босатылғандар жоқ.
Талдау жүргізілген 2025 жылдың 1 маусым 2026 жылдың 1 маусым аралығында ескерту түрінде тәртіптік жазаға 4 қызметкер (А.Конусов, А.Мендалиева, К.Альмуханова, А.Орынов) тартылды.
Кәсіпорын қызметкерлерімен 2025 жылға салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылды.
Ұсыным: жауапты мамандарға тиісті ҚР азаматтық қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау, кемшіліктерге жол бермеу мақсатында құқықтық оқытуды ұйымдастыру.
Кәсіпорын қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. 2025 жылдың 1 маусым 20256 жылдың 1 маусым аралығында кәсіпорында мүдделер қақтығысы болған жоқ.
«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Ақжайық аудандық мәдени – демалыс орталығы» МКҚК бекітілген кәсіпорын Жарғысына сәйкес мәдени көпшілік шараларды ұйымдастыру қызметін көрсетеді.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады. Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу, көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Бекітілген мемлекеттік сатып алудың 2026 жылға арналған бастапқы жоспары көрсеткіштерінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларына сәйкестігі.
«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Ақжайық аудандық мәдени – демалыс орталығы» МКҚК бойынша 2025 жылдың
1 маусым- 31 желтоқсан аралығында Мекеменің мемлекеттік сатып алу туралы саласында 003 мәдени демалыс жұмыстарын қолдау бағдарламасы бойынша 418739 мың теңге қаражат бөлініп жыл аяғына дейін 100% игерілді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан – 1 маусым аралығында бекітілген жоспарына сәйкес 349131 мың теңге қарастырылды, игерілгені 100 % құрайды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
21.10.2025 жылғы №65 н/қ бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ.
Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.
Бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ 31.12.2025 жылғы жағдай бойынша әлеуметтік төлемдер бойынша дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес берешек сомалары анықталмады.
Бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен 2025 жылдың 1 маусым- 31 желтоқсан аралығында 96 хабарлама ойнатылды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 27 шақырту жіберілді,бір көзден тікелей шартқа 15 өтінім жіберілді, ашық конкурс- 2, бағалық сұраныс тәсілімен -52 өтінім жіберілді. 96 келісім шартқа отырылып, оның100 % орындалды. 2025 жылдың 1 маусым -31 желтоқсан аралығы 230 хабарлама ойнатылды. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 42 шақырту жіберілді,бір көзден тікелей шартқа 17 өтінім жіберілді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Барлық мемлекеттік сатып алу келісім шарттары заңдылыққа сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында жұмыстар жалғасатын болады.
Кәсіпорын қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы; «1С-бухгалтерия» жүйесі;
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Азаматтардың өтініші, арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. Кәсіпорынға түскен барлық өтініштер «Е-өтініш» платформасы арқылы тіркеліп, Кодекс талаптарына және заңнамалық актілерге сай уақытылы жауаптары беріліп отырады.
Кәсіпорынға 2025 жылдың 1 маусымынан 2026 жылдың 31 желтоқсан аралығында заңды тұлғалардан – 4 өтініш, жеке тұлғадан – 3 өтініш келіп түсті. Барлығы электронды, «Е-өтініш» платформасы арқылы. 2026 жылдың 1 қаңтарынан 2026 жылдың 1 маусым аралығында жеке тұлғалардан – 3 өтініш, заңды тұлғадан -2 өтініш келіп түсті. бес өтініште электронды, «Е-өтініш» платформасы арқылы түсті, өтініштің барлығына да уақытында, қанағаттанарлық жауап берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері де болған жоқ.
«Ақжол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –аппарат).
Мекенжайы: БҚО Ақжайық ауданы, Ілбішін ауылы, Д.Қонаев көшесі, 21-үй.
Ақжол ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 26 мамырдағы №17 н/қ өкімі негізінде мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж. – 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2026 ж. – 30.06.2026 ж.
Мекемеге бағынысты ведомствалық мекемелер жоқ.
«Ақжол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде есепті кезең бойынша жалпы штат саны 10. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілер 5 (әкім-1, бас маман-3, жетекші маман-1). Талданатын кезең аралығында мемлекеттік қызметшілер арасында кадр ауысушылығы болған жоқ.
Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (есепші) А.Сисенгалиева 17.01.2026 жылдан жүктілік және босануға байланысты демалыста. (Негіздеме: жүктілікке және босануға байланысты №9904285 демалыс құқығын беретін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, 22.05.2026 жылдан бастап 05.06.2026 жыл арасында жүктілік және босануға байланысты демалысы ұзартылды. Негіздеме: еңбекке уақытша жарамсыздық парағы №9905102).
Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының техникалық және штаттан тыс қызметкерлер
5 (іс жүргізуші-1, көлік жүргізуші-1,кіші қызметкер-1, күзетші-2). Штаттық кестеге сәйкес 3 от жағушы (газбен жылыту қазандығының операторы) қызметкерлер қазан айында «Enbek.kz» базасы арқылы бос орын жарияланды, 2025 жылдың қазан айының 15-нен бастап от жағушы қызметіне алынып, 2026 жылдың 15 сәуірінен маусымдық жұмыстың тоқтауына байланысты жұмыстан босатылды.
Штаттан тыс іс жүргізуші орны 03.11.2025 жылдан бері үміткерлер болмауына байланысты бос тұр. К.Абдрахманова 03.11.2025 жылы отбасы жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан босатылды.
Штаттан тыс іс жүргізуші қызметі бос орнына «Enbek.kz» базасы арқылы
12.02.2026 жылы өтінім жарияланды. Бірақ ниет білдірушілер болған жоқ.
Сонымен қатар талданатын кезеңде мемлекеттік және штаттан тыс қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босатылғандар жоқ.
Ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің және олардың жұбайларының 2025 жылға салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылды.
Талдау жүргізілген аралықта «Ақжол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
Аппарат қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. 2025 жылдың 1 маусымы мен 2026 жылдың 31 мамыр аралығындағы «Ақжол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Округ бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде мекеме арқылы:
2025 жылдың 1 маусымы мен 2026 жылдың 31 мамыр аралығындағы «Сауда – саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуге талап етілмейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 47 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде нысаналы мақсатын өзгерту-1, өтінішті қарауды тоқтатуға байланысты – 6. Қалған 40 өтініш өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қосымша жер сұрау бойынша.
2025 жылғы 1 маусым 2026 жылғы 31 мамыр аралығындағы бақыланған кезеңде аппаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бойынша барлығы 235 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Алдағы уақытта заңға сәйкес жұмыстану, келіп түскен мемлекеттік қызметтерге уақытылы жауап беру.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
2025 жылдың 1 маусымына жоспар - 20 852,0 мың теңгені құрады. 2025 жылғы
31 желтоқсанына қаражаты 42 310 171,17 теңгені құрап, бюджеттің игерілуі 100 % орындалды. Игерілмеген213 828,83 теңге, бюджетке кері қайтарылды.
2026 жылға бюджет 48 481,0 мың теңгеге бекітіліп, 2026 жылдың 1 маусымына бюджеттің орындалуы 20 973,5 мың теңгені құрады, жоспар 100% орындалды. Игерілмеген 1800 теңге 2026 жылғы 1 шілдеге қалдырылды.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады. Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.25 еселенген АЕК-тен аспайтын («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 353-бабы) жұмыскерлердің табыстары бойынша табыс салығын есептеу кезінде тиісті түзету (90%) жүзеге асырылды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
«Ақжол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 20.11.2025 жылғы №35 Н/Қ өкіміне сәйкес мекеменің негізгі құралдарына түгендеу жүргізілді. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігі талдау арқылы анықталған жоқ.
Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуы тиіс.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық міндеттемелерін орындау) 36-бабын бұза отырып, мекеменің дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлемдер мен берешек сомалары анықталған жоқ.
«Ақжол ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-не 2025 жылдың 1 маусымынан
2025 жылдың 31 желтоқсан аралығында 20 шарт жасалды. Оның ішінде 1 шарт ашық конкурс тәсілімен, 13шарт бір көзден алу тәсілімен тікелей сатып алу арқылы және қалған 6 шарт бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен жүзеге асырылды. Барлығы 23 086 045,68 теңгеге міндеттеме қабылданып, 100 % орындалды.
2026 жылдың 1 қаңтары мен 31 мамыр аралығында мемлекеттік сатып алу бойынша
24 шарт жасалды. Оның ішінде 2 шарт ашық конкурс жариялау арқылы, 9 шарт бір көзден алу тәсілімен тікелей сатып алу арқылы, қалған 13 шарт бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен жүзеге асырылды. Барлық шарт жасасуларға 6 381 519,79 теңге қаражат жұмсалынды.
Жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар уақтылы және тиісті деңгейде жүргізілуде. Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында үнемі мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
«Ақжол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіқызметкерлері тікелей басшымен туыстық қарым-қатынаста емес. Талдау аралығындағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Барлық мемлекеттік сатып алу келісім шарттары заңдылыққа сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында жұмыстар жалғасатын болады.
«Ақжол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:
«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;
«E-Qyzmet» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;
«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;
«Е-акимат» ақпараттық жүйесі;
«1С-бухгалтерия» жүйесі;
Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Азаматтардың өтініші, арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. «Ақжол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне түскен барлық өтініштер «Е-өтініш» платформасы арқылы тіркеліп, Кодекс талаптарына және заңнамалық актілерге сай уақытылы жауаптары беріліп отырады.
«Ақжол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2025 жылдың
1 маусымы мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығында жеке тұлғалардан – 13 өтініш, заңды тұлғалардан 4 өтініш келіп түсті. Өтініштерге уақытылы жауап беріліп, түсіндіріліп, қанағаттандырылды.
Соның ішінде жеке тұлғалардан түскен 13 өтініштің қанағаттандырылғаны–10, түсіндірілгені–2, қайтарып алынғаны–1, заңды тұлғалардан түскен 4 өтініштің қанағаттандырылғаны–3, түсіндірілгені–1.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері де болған жоқ.
«Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аппарат).
Мекенжайы: БҚО, Ақсуат ауылы, Мәңгілік ел көшесі 27 үй
Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 20 н/қ өкімі негізінде мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2025 ж. – 01.06.2026 ж.
Талдау кезеңі: 01.06.2026 ж. – 30.06.2026 ж.
Мекемеге бағынысты ведомствалық мекемелер жоқ.
«Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде талданатын кезең бойынша жалпы штат саны 10. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілер 4
(1 ауыл әкімі, 3 бас маман). Талданатын кезеңде мемлекеттік қызметшілер арасында кадр ауысушылығы болды. Бас маман М.Науқанова 2026 жылғы 12 маусымнан бастап 2028 жылғы 6 наурызға дейін бала күтімі демалысында. 2026 жылғы 7 қазаннан бастап бас маман лауазымына уақытша жұмысқа алынған Ерболатова Ақбаян Ізбасарқызы 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап өз еркімен жұмыстан босатылды. 2026 жылғы 30 сәуірде бос лауазымға «Е-Қызмет» АЖ арқылы конкурс берілді, үміткерлер болмауына байланысты өткізілмеді, 22 мамырда қайталап конкурс беріліп, бос лауазымға Г.Оразбекованы маусым айынан бастап алу жоспарланып отыр.
Штаттан тыс қызметкерлер 6 (3 күзетші, 1 іс қағаздарын жүргізуші, 1 аула сыпырушы,
1 еден жуушы). Штаттық кестеге сәйкес, 4 от жағушы (газ оператор) қызметкерлерге қазан айында «enbek.kz» базасы арқылы бос жұмыс орны жарияланды, 2025 жылғы 15 қазаннан бастап 4 от жағушы (газ оператор) жұмысқа алынып, 2026 жылғы 15 сәуірде жұмыстан босатылды. Мекемеде көлік жүргізушісі бос орны бар, конкурс жарияланды, ниет білдірушілер болмады.
Сонымен қатар талданатын кезеңде мемлекеттік және техникалық қызметкерлер арасында жұмыстан сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босатылғандар жоқ.
Талдау жүргізілген 2025 жылдың 1 маусымы мен 2026 жылдың 31 мамыры аралығында бас маман С.Сахипова ЕРАП базасында хаттама уақтылы толтырылмауы себепті 2026 жылғы 13 наурыздағы №3 өкімімен тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мекемедегі мемлекеттік қызметкерлерінің салық декларациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылды.
Талдау жүргізілген аралықта мекеме қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
2025 жылдың 1 маусымы мен 2026 жылдың 31 мамыр аралығында мекемеде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Округ бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштер мекемеге «Е-лицензирование» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеліп, өтініш иелеріне жауап беріледі. Бақыланған кезеңде мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді. Өз-өзіне қызмет көрсету бойынша 42 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Аталған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алған заң бұзушылықтар болған жоқ.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
«Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-не 2025 жылға бөлінген қаржы 59 187 мың теңге, жыл соңында қаржы 59 186 мың теңге болып, жоспар 99,9 % игерілді, қалған 0,1 %, яғни 1000 теңге бюджетке қайтарылды.
«Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-не 2026 жылға бөлінген қаржы 50 287 мың теңге. Соның ішінде 1 қаңтар мен 31 мамыр аралығында 19 млн 310 мың теңге, яғни 38,4 % игерілді. Қалған 31 млн 277 мың теңге қаржы жыл аяғына дейін еңбекақы, әлеуметтік аударымдар, көше жарығы, абаттандыру, сауықтыру жәрдемақысы, коммунальдық шығындарға, т.б. қызметтерге жұмсалады.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады. Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Бөлімнің 13.11.2025 жылғы №40 нк өкіміне сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ.
Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызмет Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз етуге, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі, қаржыландыру жоспарының орындалу барысы, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысу жағдайы, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтар сақталуда.
«Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-не 2024 жылға 1 маусым мен 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік сатып алу бойынша 14 млн 280 мың теңге қаражат бөлінді. Игерілгені 12 млн 973 мың теңге, яғни 90,8 % -ы игерілді. Қалған 1 млн 307 мың қаражаттың 550 мың теңге бюджетке қайтарылды. Жергілікті бюджеттен үнемделгендіктен 757 мың теңге аппараттағы қызметшілерге сыйақыға қосылды.
Ауылдық округ әкімі аппаратының 2026 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 6 млн
558 мың теңге қарастырылды, игерілгені 2 млн 450 мың теңге, 37,4 % құрайды. Қалған қаражат сомасы коммуналдық қызметтер, кеңсе тауарлары, жанар-жағар май материалдары нақты электронды шот фактураға байланысты орындалады.