Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1 және 2- тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 5 шілде күні Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11 бабының 1-тармағына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 8 шілдедегі №60 шешімімен Чапаев ауылдық округінің әкімін тіркеді:
Карл Бахтияр Асқарұлы, 1988 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады.
Ақжайық ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мангуров