Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 2026 жылғы 5 шілдеде Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының  9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,    113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5746 азамат енгізілді, оның ішінде – 1 766 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 85,  «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар –114.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алмешова С.К – 198

Карл Б.А – 1 221

Сельбаев К.Ж – 148

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі болып Бахтияр Асқарұлы Карл сайланды, 1988 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

                           

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 июля 2026