АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Чапаев ауылы                                   №12                   2026 жылғы 27 мамыр

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауын

2026 жылғы 5 шілдеге тағайындау туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының         1 тармағының 1 тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Ақжайық ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында және аудандық қоғамдық – саяси «Жайық таңы» газетінде жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                   Е.Мангуров                                                    

 

 

                  

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 мая 2026