2026 жылғы 26 сәуірде Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 406 азамат енгізілді, оның ішінде – 265 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар –5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Гумарова Н.Е– 13
Мақсотов Ш.Т – 208
Пангалиев О.А – 27
Ақжайық ауданының Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Шадияр Тимурұлы Мақсотов сайланды, 1997 жылы туған, «Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақжайық ауданы Жамбыл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы