
Жер қатынастары
(2020 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша)
Ақжайық ауданының көлем аумағы 2 571 605 гектарды құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 1 579 593 га (оның ішінде егістік 663 га, көпжылдық екпелер – 51 га, тыңайған жерлер – 19 315 га, шабындық –272 540, жайылым – 1 229 876га , )
Елді мекендердің жерлері – 870 188га құрайды.;
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер 3751га алаңда орналасады;
Орман қорының жерлері-74 843 га құрайды;
Су қорының жерлері -25 230га;
Босалқы жерлер -411 763 га құрайды (оның ішінде көпжылдық екпелер 33 га, тыңайған жерлер –12 617 га, шабындықтар 125 225 га, жайылымдар –150 670 га, орманы-824 га ,ағаш-бұталы-5 276 га, су арна астындағысы-1 534га, жол астындағысы-5 211га, бау-бақшасы-49 га, батпақ-6 887га, басқа жерлер 92 103га құрайды).
Цифрландыру
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдардың геопорталын құру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталын жасау және орнату үшін техникалық ерекшелік дайындалып, бекітіліп келісім-шарты жасалды.
Бірінші кезеңде геоақпараттық порталын жасау және орнату жұмыстары атқарылды.
Казіргі танда, екінші кезеңде геоақпараттық порталын толықтыру, МЖК ААЖ «Мемлекеттік жер кадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, ЖМ МДҚ «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры жүйесі, ЖТ МДҚ «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры жүйесімен, «электрондық үкіметтің» шлюзі мен сыртқы шлюзі арқылы интеграциялау және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға қатысты жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жағдайда ресурс мына мекен-жайда ашылады https://zko.smartgeohub.kz/.
Аталған ресурста Орал қаласының қолданыстағы порталдарына барлық сілтемелер орналастырылған.
Геопортал екі модульден тұрады: Мемлекеттік қызмет көрсету және Геопортал модулі.
Геопортал енгізу жұмыстарының құрамында 62 тақырыптық қабат жарияланып, оның құрамында аумақтық объектілердің шекаралары, жер учаскелері, ғимараттардын мекен-жайлары, тау-кен бөлігі, жер, орман, су қорының объектілері, гидротехникалық құрылыстар мен магистральдық құбырлар, автомобиль және темір жолдары, салалық тізілімдер және басқалар.
Сонымен қатар тақырыптық қабаттардың атрибутивтік және географиялық деректерін өзектендіру құралдары енгізілді.
2019 жылдың қараша айында геопортал ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне тест пен сынақтан өтті. Желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен геопортал сынақтан сәтті өткендігі туралы жауап хат алынды.
Ұшқышсыз ұшу аппаратын көмегімен Орал қаласының барлық аумағында далалық аэрофототүсірілім жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жоғары рұқсат етілген ортофотоплан алынды.
Ағымдағы жылы геопортал салалық деректермен толықтыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аэрофототүсірілім деректерін жариялау жүзеге асырылды. Жер учаскелері бойынша мемлекеттік жер кадастры автоматандырылған ақпараттық жүйесінің деректері алынып және жарияланды, аэрофотүсірілім деректерінің негізінде жер учаскелеріне түзетулер жүргізілді.
Бұдан басқа, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің бекітілген шекаралары, жер қойнауын пайдалану объектілері (әзірленетін және бос кен орындары), ауыл шаруашылығы алқаптары, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және туризм объектілері бойынша инженерлік желілеріне (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, газбен және жылумен жабдықтау) бойынша деректер өңделіп, жарияланды.
Сондай-ақ, әр түрлі кезеңдегі ғарыштық суреттер негізінде жеке тұрғын үйге бөлінген, егістік және жер қойнауын пайдаланушылардың учаскелерін пайдаланудын геоналогиялық мониторингінің құралдары енгізілді.
Мемлекеттік қызметтердің 18 бизнес-процестері автоматтандырылып, сонымен қатар жер қатынастары саласындағы 7 функциясы автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осы кезеңде геоақпараттық порталда мемлекеттік қызметтерді тәжірибелік пайдалану жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының аяғына дейін геопорталды интеграциялау және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін геопорталды қабылдау жұмыстары жүргізіледі.
Гепорталды өнеркәсіптік пайдалануға электрондық үкімет компоненттерімен және орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік деректер базаларымен ықпалдастырылған өзара іс-қимылдары мен және тестілеуден сәтті өткенен кейін 2020 жылдың қазан айының басында енгізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі іс-шаралар жоспарының 32-тармағына сәйкес "ақпараттық жүйелерді шоғырландыру жолымен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының (МЖК ААЖ, ЖМТ МДҚ) ақпараттық жүйесін құру және енгізу"жобасын іске асырылады. Геопорталдарды құру нәтижелері бойынша ЖАО мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған өтінімдерді алу/қалыптастыру, БМЖМК Жария кадастрлық картасының деректерін өзектендіруді, тіркелген жылжымайтын мүлік объектілері туралы кадастрлық ақпаратты алуды қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін іске асыру мақсатында БМЖМК-мен интеграциялануы тиіс.