Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ТКШ

АУЫЗ-СУ

Бөлімнің тарапынан 2023 жылы маусым айында Жолап ауылына КБМ орнатылды (9200,0 мың теңге «ДЭК» ЖШС) және желтоқсан айында Қарағай ауылында КБМ орнатылды (15 568,0 мың теңге «DIER company» ЖШС).

Таза ауыз сумен 36 елді мекен қамтылып, 5 елді мекенде комплексті блок-модуль орнатылған бұл көрсеткіш 91,1%құрайды.2024 жылы Қабыл, Үштөбе, Тоған ауылдарынакомплексті блок-модулін орнату жоспарланған. Алайда, Үштөбе ауылының тұрғындары комплексті блок-модуль орнатуға келісім бермей, таза ауыз суқұбырын орнатуды сұрауда. Аталған мәселе ескеріліп, таза ауыз су құбырын жүргізу үшін зерделеу жұмыстары (халық санын ескеру, жалпылама қаражаты, су көзін алу орының қашықтығы, рентабельдігін анықтау, су қорының дебеті т.б.) жасалғаннан кейін, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы желтоқсан айында Коловертное, Жолап, Қарағай, Тасоба, Бітік ауылдарында орнатылған КБМ-дің мемлекеттік жер актісі жасалды.

ГАЗДАНДЫРУ

Аудан бойынша жалпы газ құбырының ұзындығы 800 998,4 метр оның ішінде жоғары қысымды газ құбыры 568 723,3 метр, орташа қысым 5 447,3 метр, төменгі қысым 177 827,3 м.

2011 жылы Ақжайық аудандық сотының (№2-29/2010, №2-29/2011) және Ақжайық аудандық № 2-ші сотының (№2-46/2011) шешімдері негізінде, Ақжайық ауданы Ақсуат, Алмалы, Атамекен, Алғабас, Қабыршақты, Бударин, Самал, Коловертное, Ақжол, Тінәлі, Қабыл, Жаңабұлақ, Мерген, Мойылды, Шабдаржап, Тайпақ, Чапаев елдімекендерінің ауылішілік газ құбырлары иесіз деп танылды (17 ауыл - 141,46 км).

Бүгінгі күні, орташа және төменгі қысымды ауылішілік газ құбырларына сервитут және газреттегіш шкафты пунктерінің (ГРШП) жер учаскесіне актісі және техникалық паспорты құжаттары жасалды.

Сонымен қатар, 2023 жылы 14 маусымда «Столичная оценочная компания KZ» ЖШС аталған ауылдардын ауылішілік газ құбырларына бағалау құны жүргізіліп, 1,2 млрд теңгеге бағаланды.

Қазіргі уақытта, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

Аудандық маңызы бар жолдардың (кіреберіс жолдар) жалпы ұзыңдығы 278,1 шақырымды құрайды Соның ішінде асфальтты жол (Алғабас, Бударин, Жаңабұлақ, Жайық, Ілбішін, Тайпақ, Чапаев, Алмалы, Ақсуат ауылдары) 58,1 шақырым  (21%) (2022 жылға қарағанда 5,3 шақырым өсу), топырақты жол 220 (79%) шақырымды құрайды. Ауылішілік жолдар бойынша жалпы ұзындығы 217,8 шақырым (асфальтты жол – 32,8  шақырым (15%) (2022 жылға қарағанда  3,8 шақырым өсу), топырақты жол – 185 шақырым (85%).

2023 жылы аудан аумағында жолдардын сапасын арттыру мақсатында 6 жобаға қаражат бөлінген болатын. Атап айтқанда:

  1. «БҚО, Ақжайық ауданы Алмалы ауылының кіреберіс жолын күрделі жөндеу» нысаны. Жалпы ұзындығы - 1,4 км, жоба құны – 154 466,0 мың теңге. Мердігер мекеме «ТОБИ» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы 28 шілдеде аяқталды
  2. «БҚО, Ақжайық ауданы Ақсуат ауылының кіреберіс жолын орташа жөндеу» нысаны. Жалпы ұзындығы - 2 км, жоба құны 160 630,0 мың теңге. Мердігер мекеме «Орда жолдары» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы 10 қазанда аяқталды
  3. «БҚО, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының кіреберіс жолын күрделі жөндеу» нысаны. Жалпы ұзындығы – 2,3 км, жоба құны 219 234 мың теңге. Мердігер мекеме «Жайық сити» ЖШС. Бүгінгі күні, құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанды қабылдап алу жұмыстары жүргізілуде.
  4. «БҚО, Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы ауылішілік жолдарды (Қазақстан, Ықсанов, Мәңгілік ел, Сейфуллин, Сырым батыр, Орақбаева, Құрманғазы көшелері) күрделі жөндеу» нысаны. Жалпы ұзындығы - 3 км, жоба құны – 358065,6 мың теңге. Мердігер мекеме «АСФА» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы 17 қазанда аяқталды
  5. «БҚО, Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы ауылішілік жолдарды (Қонаев, Мендалиев, Исаева, Бауырластар (Кенеев), Татулық көшелері) орташа жөндеу» нысаны. Жалпы ұзындығы - 4 км, жоба құны – 243 792,4 мың теңге, Мердігер мекеме «ТОБИ» ЖШС. Бүгінгі күні, құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан қабылданды.
  6. «БҚО, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы ауылішілік жолдарды (Махамбет, Д.Нүрпеисова, Х.Чурина, Жамбыл, Т. Жумалиев көшелері)күрделі жөндеу» нысаны. Жалпы ұзындығы - 4 км, жоба құны – 378 347,05 мың теңге. Мердігер мекеме «Орда жолдары» ЖШС. Ауыспалы нысан. 2023 жылы 100 000,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Бөлінген қаражатқа ПГС – 4800 м3, щебень – 2700 м3 құрылыс материалдары сатып алынды.

Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2022 жылы жобалау-сметалық құжаттамасы дайын болған Атамекен және Шабдаржап ауылдарының сараптамасының оң қорытындысы 2023 жылы 16 қаңтарда шыққан болатын.

Ауылішілік жолдарға Чапаев ауылындағы Арман көшесіне ЖСҚ жасақталып, мамыр айында сараптаманың оң қорытындысын алды. 2023 жылы желтоқсан айында Жайық ауылының ЖСҚ-сы жасақталды және 2024 жылы сараптамадан өткізуге конкурс жарияланатын болады. Сонымен қатар, Чапаев ауылындағы Мұнай базасы көшесіне ЖСҚ жасақталуда.

Документы
Ақпарат
28 августа 2026
«Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-cі
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
Ақпарат
26 августа 2026
«Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-cі
Кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі
Шешім
12 марта 2024
«Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-cі
2024-2028 жылдарға арналған Ақжайық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
Метрология - өлшеу ғылымы
Медиагалерея
2
Мойылдағы мереке
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы