Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Білім беру

       «Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы»

 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

 

Ақжайық ауданының білім беру саласында 44 жалпы білім беретін мектеп, 9 мемлекеттік балабақша, 3 қосымша білім беру орталығы (Ақжайық балалар музыка мектебі, балалар шығармашылығы орталығы, жасөспірімдер туризм орталығы) жұмыс жасайды.

Жалпы орта білім

Аудан бойынша 2023-2024 оқу жылында 44 мектеп жұмыс жасайды (24 орта, 10 негізгі, 10 бастауыш) (2022-2023 оқу жылында 45 мектеп болды (24 орта, 11 негізгі, 10 бастауыш).) Оқушы санының нормативке сай келмеуіне байланысты облыс әкімінің 2023 жылғы 14 тамыздағы №186, 187 қаулылары негізінде Базаршолан ауылдық округіне қарасты Есім ауылындағы Есім бастауыш мектебі таратылды. Базартөбе ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылындағы Еңбекші негізгі орта мектебі бастауыш мектеп болып қайта құрылды.

44 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектепте 6414 оқушы, соның ішінде 5939 (92,6%) оқушы қазақ тілінде, 475 (7,4%) оқушы орыс тілінде білім алады (2022-2023 оқу жылында 6362 оқушының 5889-ы (92,6%) қазақ тілінде, 473-і (7,4%) орыс тілінде білім алды).

Мектептерде жалпы 491 сынып-жиынтық, соның ішінде 459 (93,5%) қазақ, 32 (6,5%) орыс сыныптары. Оқу процесі 9 мектепте 1 ауысымда, 35 мектепте 2 ауысымда ұйымдастырылады.

Ауданда толық жинақты мектеп саны -13 (29,5%, (12 орта, 1 негізгі)), шағын жинақты мектеп саны -31 (70,5%, (12 орта, 9 негізгі, 10 бастауыш)) (өткен оқу жылы толық жинақты мектеп -13, шағын жинақты мектеп -32).

2023-2024 оқу жылы оқушы саны 6414-ті құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда 52 оқушыға артты (2022-2023 оқу жылы -6362).

Ағымдағы оқу жылы 1 сыныпқа 703 оқушы қабылданды, соның ішінде қазақ сыныбына -661, орыс сыныбына - 42, өткен оқу жылымен салыстырғанда 65 оқушыға артық (2022-2023 оқу жылы 638 оқушы қабылданды, с.і. қазақ сыныбына -588, орыс сыныбына -50). 

Осы оқу жылының 2-тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 63,2%, өткен оқу жылымен салыстырғанда 3,4%-ға артты (2022-2023 оқу жылы -59,8%).  

Биылғы оқу жылында 9 сыныптарда оқушы саны - 611, 11 сыныптарда - 348. Өткен оқу жылында 11 сыныпты 341 түлек аяқтады. Соның ішінде 12-сі «Алтын белгі», 21-і «Үздік аттестат» иеленді. 9 сыныпты 509 оқушы аяқтады, 50 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды. Мемлекеттік грант саны -193, өткен жылмен салыстырғанда 25-ке артты (2022 жылы -168).

Педагогикалық кадрлар

2023-2024 оқу жылында аудан мектептерінде 1205 педагог қызмет атқарады (2022-2023 оқу жылында 1221 педагог). Оның 1058 педагогы жоғары білімді (87,8%, 2022-2023 оқу жылында 1047 (85,7%), 147 педагог арнаулы орта білімді (12,1%, 2022-2023 оқу жылында 174 (14,2%). Білімі жоқ педагогтар жоқ. Жаңа форматта санат игерген педагогтардың саны 809 (67,1%, 2022-2023 оқу жылында – 737 (60,3%).

Аудан бойынша педагог кадрларға қажеттілік жоқ (2022-2023 оқу жылында маман қажеттілігі -5 болды). Жас мамандарды жұмысқа қабылдау және зейнет жасындағы педагогтарды келісімшарт негізінде жұмысқа шақырту, педагогтарға қосымша жүктемелер жүктеу негізінде кадр қажеттілігін жауып отырмыз.                                   

Білім беру ұйымдарында ББЖМ талдамасы

Білім беру сапасын ұлттық және халықаралық зерттеулерде оқушылардың жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуі үшін білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу нәтижелері бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген әдістемелік ұсынымдарды талдау және таныстыру бойынша 24 қаңтарда оздырылған әдістемелік кеңесте қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің әдіскері Ж.Бисенгалиева баяндама жасады. 

3 ақпан күні Абай атындағы мектеп – гимназия базысында оздырылған алқа отырысында білім бөлімінің физика – математика пәндерінің әдіскері Б.С.Елекешов білім алушылардың 2 тоқсанның қорытындысы бойынша  барлық пәндердің білім сапасына мониторинг жасап баяндама ұсынды. 16 қаңтар күні М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне, 8 ақпан № 1 орта жалпы білім беретін мектебіне білім бөлімінің бұйрығы негізінде зерделеу және әдістемелік көмек көрсетіліп, мектеп ұжымына ББЖМ бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

Білім бөлімінің 10.02.2023 жылғы № 4-30/250 санды хаты негізінде барлық білім беру ұйымдарына кезектен тыс педагогикалық кеңес ұйымдастырылды, онда білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу нәтижелері бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген әдістемелік нұсқау хатын педагогтерге танныстыру қажет екендігін ескертіп, барлық мектептерден өтілгендігі туралы хаттамалар жинақталды. Білім басқармасының 2-7/1241 санды қатысас хаты негізінде ББЖМ–не білім беру ұйымдарын даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес білім бөлімінің арнайы жоспары жасақталып, барлық мектептерге таратылды, нәтижесінде білім беру ұйымдарында жоспар жасақталып, арнайы бұрыштар орнатылып, онда әр кезеңдегі оқушылар нәтижесі ілінуде. Облыстық білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының жасақтауымен 2 тест тапсырмасы (әр пән бойынша), әдістемелік кабинеттің жасақтауымен 2 тест тапсырмасы (әр пән бойынша) өткізілді.

Орал қаласындағы «Достық» қосымша білім беру  орталығының edy.kz сайтында 9 сыныптан 512 оқушы ББЖМ бойынша тест тапсырмаларын орындады, нәтижесі (Edutest.kz сайты тапсырмалар 3 пән бойынша орташа балы)  -38,9% ,

4 сынып бойынша (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы) ББЖМ нәтижесі бойынша орташа балы-71,58%.

2023-2024 оқу жылында М.Әуезов ат. ЖОББМ, Алғабас ОЖББМ, Алмалы ЖОББМ, Абай ат. МГ, Бударин ат. МБК, Қ.Байсықов ат. ЖОББМ, Жайық НОМ, Қаршы ЖОББМ, Базартөбе ЖОББ мектептері ББЖМ бойынша тестілеуден өтеді.

Тамақтандыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына сәйкес, 2022-2023 жылы ауданы мектептерінде бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік қорғалмаған отбасы балалары бір мезгіл тегін ыстық тамақпен 35 мектептен 3397 бала қамтылып бұл 53,4% құрады. 2023-2024 оқу жылында аудан бойынша 44 мектептің 35-де ыстық тамақ ұйымдастырылған (79,5%), 3402 оқушы қамтылып отыр (53,12%). 1-4 сынып оқушыларының 2493 оқушы ыстық тамақпен қамтылған (97,5%). 5-11 сынып оқушыларының 909 оқушы ыстық тамақпен қамтылған (23,6 %).

9 бастауыш мектепте 62 оқушыға буфеттік тамақтану ұйымдастырылып келді, енді 2024 жылғы қаңтар айы, яғни 2023-2024 оқу жылының III тоқсанынан бастап ыстық тамақпен түгел қамту жоспарланып отыр.

Аталған қаулыға сәйкес жалпыға бірдей білім беру қорынан 769 отбасының 1467 оқушысына 59511789 теңге көлемінде бүгінгі күнге материалдық көмек көрсетілді.

Тасымалдауды ұйымдастыру

2022-2023 оқу жылында  Ақжайық ауданында 3 шақырымнан  артық қашықтықта орналасқан 8 ауылдық округтің, 10 (4-14 км) елді–мекенінен 124 оқу жасындағы балаларға күнделікті тасымалдау  ұйымдастырылды.

Мектеп жоқ елді мекендерден күнделікті тасымалдау - 73 оқушы тасымалданады;

Бастауыш мектептерден күнделікті - 45 оқушы және Жайық НОМ-нен 6 оқушы күнделікті тасымалданады.

Интернаты Қамыстыкөл БМ-нен апта сайын О.Исаев атындағы ЖОББМ-нің интернатына 27 оқушы апта сайын, Мерген ЖОББМ-нің интернатынан 20 оқушы, Базартөбе ЖОББМ-нің интернатынан 19 оқушы, Алғабас ЖОББМ-нің интернатынан  28 оқушы тоқсан сайын тасымалданды.

2023-2024 оқу жылында  Ақжайық ауданында 3 шақырымнан  артық   қашықтықта  орналасқан 7 ауылдық округтің,  10 (4-14 км) елді–мекенінен 109 оқу жасындағы балаларға күнделікті тасымалдау  ұйымдастырылды (2022 ж.-124 оқушы);

Мектеп жоқ елді мекендерден күнделікті -109 оқушы күнделікті тасымалданады (2022 ж.-74 оқушы);

Аудан бойынша мектеп жанындағы 5 интернат бар: Чапаев, Базартөбе, Мерген, Алғабас және Көнеккеткен ауылдарында – тоқсан сайын 94 оқушы тасымалданады (2022 ж. -94 оқушы). Чапаев ауылындағы Абай атындағы МГ-ның интернатында тасымал жоқ.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.

Ауданда 46 мектепке дейінгі ұйым қызмет атқарады, оның 9 мемлекеттік балабақшаларында және 3 мектеп-балабақшасында 700 бала тәрбиеленуде. 3 жеке балабақшада 81 бала .31 мектеп жанындағы  шағын орталықтарда 584 бала тәрбиеленуде.

Аудан бойынша 0-5 жас аралығындағы 4106 бала (оның ішінде 2-6 жасқа дейінгі 2736) тіркелген.

46 мектепке дейінгі ұйымдардың ішінде:

- 1365 контингенті бар 46 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар – 15(700), шағын орталықтар – 31 (584).

- 3 жеке меншік балабақшада 81 бала тәрбиеленуде (МДҰ-да қамтылған балалардың жалпы санының 6,8%-ын құрайды).

- 2 инклюзивті білім беру кабинеті ұйымдастырылған «Балбұлақ» бөбекжайы мен «Акбота» балабақшасы.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылуы – 90,6 % , оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейін – 93,5%,  3 жастан 6 жасқа дейін – 100% құрайды.

Қосымша білім беру

2023-2024 оқу жылында аудан бойынша 3 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Онда 5137 бала түрлі үйірмелермен қамтылған. Балалар шығармашылығы орталығы - 2225 оқушы,  Балалар-жасөспірімдер туризм орталығы - 2655 оқушы, Балалар музыка мектебі - 257 оқушы. Бұл аудан бойынша барлық оқушының 80% құрайды.

2022-2023 оқу жылында - 6 330 бала үйірмелермен қамтылған. Жалпы аудан бойынша мектеп оқушыларының қосымша білім берумен қамтылу пайызы -99,6% құрады.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Аудан бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар контингенті 2022 жылы -19 бала,  2023 жылы желтоқсан айында 21 бала  құрайды.

Олардың барлығы отбасыларға орналастырылған:

2023 жылы – 21 бала (19-і қамқоршылықта, 2-і патронаттық тәрбиеде), 2022 жылы – 19 бала (18-і қамқорлықта, 1-і патронаттық тәрбиеде).

Инклюзивті білім беру

Ауданда 2023-2024 оқу жылы ерекше білім беру қажеттілігі бар 328 бала есепте тұр, оның ішінде 0-6 жас аралығындағы 110 бала, 7-18 жас аралығындағы 218 бала  бар. 

Аудандағы 57 мемлекеттік білім беру ұйымының ішінен(44 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер, 9 мемлекеттік балабақшалар, 4 қосымша білім беру мекемелер) бейімдеуге жатады, барлық 57 ұйымдарда шақыру түймелері, 2 мектепте сырғанауға қарсы жабын және контраст түсті, мекемеде пандустар орнатылған, 12 мекеме тосқауылдың жоқтығына байланысты пандус орнатуды талап етпейді. 4 мектепте санитарлық тораптар бейімделді.

Мектептерде 2023-2024 оқу жылында инклюзивті біліммен қамтылып отырған балалардың саны - 67,07% құрайды (2022-2023 оқу жылында - 59% болды).

Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру

2021-2022 оқу жылын  6413 оқушы аяқтады, оның ішінде 1-10 сынып оқушыларының саны - 5906. 45 білім беру ұйымдарында жазғы демалыспен қамтылу керек оқушы пайызы 97,3% құрады.

2022-2023 оқу жылын  6345 оқушы аяқтады, оның ішінде 1-10 сынып оқушыларының саны - 6005. 45 білім беру ұйымдарында жазғы демалыспен қамтылу керек оқушы пайызы 100% құрады.

Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің  психологиялық қызметінің қызметін үйлестіру

Аудан бойынша 36 білім беру ұйымдарында 39 бірлік психолог маманы бар. 1 психолог балалар шығармашылық орталығында, 32 жалпы орта білім білім беру ұйымдарында 32 әлеуметтік педагог қызмет атқарады. Бала санына байланысты №1ЖОББМ, М.Әуезов ат.ЖОББМ және Қ.Байсықов ат. ЖОББМ-де 2 мектеп психологі қызмет атқарады. 

2022-2023 оқу жылында «Дарын» қосымша білім беру орталығының жұмыс жоспарына бала кездегі психикалық даму мәселелерін талдауға және 10-11 жастағы балалардың қабілеттеріне психологиялық диагностика жүргізуіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында «Qabilet» жобасы өткізілді. Жобаға 10-11 жастағы оқушылар қатыстырылды. Оқушылардың ата-аналарға толық түсінік жұмысы жүргізіліп, рұқсат алынды. Жоба мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарын диагностикалауға бағытталған. Оқушылардың көңіл-күйін бақылау мақсатында білім беру ұйымдарында «Эмоциональный экран» журналдары жүргізіледі.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру

Ауданымыздың 44 мектебінің 35 компьютер сыныбы, 35 информатика кабинеттері жұмыс жасайды.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудын мемлекеттік  бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық, информатика, интерактивті кабинеттермен  жабдықталған. Қазіргі таңда ауданымыз бойынша 3231 компьютерлер бар. 1 балаға шаққанда 2 компьютер.

Қазіргі уақытта оқушылардың білім дәрежесін көтеру мақсатында  аудан бойынша «Интернет» жүйесіне саны – 44. Бұл 100% пайыз көрсеткішті құрайды. Соның ішінде 44 мектеп интернет мүмкіндіктерін тұрақты пайдаланады. 2022-2023 оқу жылынан бастап аудан мектептері (44) Күнделік.кз электронды журналына түгел көшті.

Оқу үрдісіне қатысушылар мен оларға тең дәрежеде қол жетімділік жағдайын жасау үшін АКТ-ны қолдану негізінде сапалы білім беру қызметтерін дамытуда аудан мектептерінің барлығы BilimLand платформасына 100% қосылған.             

Мектеп қауіпсіздігі

ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы «ҚР БҒМ-нің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 117 бұйрығы Қазақстан Республикасы "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік қатынастарға осал объектілер терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарына сәйкес әзірленген және барлық білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерінде қолданылады.

Қазіргі таңда ауданымыздың 44 мектептерінде 493 бейнекамералармен (сыртқы-168, ішкі-325), бала бақшалар 90 бейнекамералармен (сыртқы 20, ішкі-70) жабдықталды. 2022-2023 оқу жылы 45 мектепте- 463 бейнекамера (сыртқы-165, ішкі-298), бала бақшалар 90 бейнекамералармен (сыртқы-20, ішкі-70) жабдықталды.

Бейнекамералар барлық мектептердің негізгі кіреберіс және қосымша кіреберіс есіктерінің алдынан, мектептін асханасында, мәжіліс залдарында, спорт залдарында, барлық дәліздерінде орнатылған. Барлық бақылау камераларынан күнделікті үздіксіз жазба жүріп жатыр. Әрбір мектепте серверді орнатуға арналған жеке бөлме қарастырылды. Аудан бойынша 11 орта мектеп бейнебақылау мен хабардар ету жүйелерімен жарақтандырылған. Қосымша аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне полицияның жедел басқару орталықтарына не аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне бере отырып, дабыл беру құралымен (дабыл түймесі), бейнебақылау жүйесімен (Абай атындағы МГ, Қ.Байсықов атындағы ОМ, Тайпақ ОМ, Алғабас ОМ, Алмалы ОМ, Бударин МБК, Базартөбе ОМ, Қаршы ОМ, Ғ.Махамбетов атындағы ОМ) жарақталған. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында ауданның 7 мектебіне Турникеттер орнатылды.

Аудан орталығында мектептерден басқа «Ақбота» және «Бөбек» балабақшаларында лицензияланған күзет ұйымымен қамтылды.

Аудандық білім беру объектілерінің инженерлік-техникалық жабдығы әрдайым жұмыс жағдайында ұсталуда. Бұл үшін 2023 жылы 7 156,1 мың теңге жұмсалды.

Оқушылар  мен  тәрбиеленушілерді  оқулықтармен қамтамасыз ету және кітапхана қоры

2022-2023 оқу жылында кітап қоры 453 842, оқулық саны-217 788, әдістемеліктер -135 789, көркем әдебиет саны -100 265 дана. Яғни кітап қорында 50 209 данаға өсім бар. Көркем әдебиет саны былтырғымен салыстарғанда 10 982 данаға (9%), оқулық- 22 068 данаға (42%), әдістемеліктер 17 932( 13%) данаға артып отыр. Аудан мектептеріндегі барлық кітапханашылар «Е кітапхана» жүйесіне тіркеліп, тиісті жұмыстарды атқаруда.

2023- 2024 оқу жылында кітап қоры 483 264 дана, оқулық саны 235 733, әдістемеліктер -145 679, көркем әдебиет саны- 106 737 дана. Осы жылы кітап қорында- 34 307 данаға өсім бар. Көркем әдебиет саны былтырғымен салыстарғанда 6 472 данаға (5%), оқулық 17 945 данаға (7%), әдістемеліктер 17 932 (12%) данаға артып отыр.        

2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдарын электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында платформалар сатып алу жұмыстары жүргізілді. Электрондық оқулықтар баспа оқулықтың баламасы ғана емес, мұнда түрлі интерактивті тапсырмалар, бейне және аудио материалдар қоры көп. Қолданушылар үшін 1-11 сыныптардың барлық оқулықтары қолжетімді. Оқушылар өткен тақырыптарды қайталай алады және білімін бекітуге мүмкіндіктер береді. Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ «Мектеп» баспасы платформасымен, Абай мектеп-гимназиясы, Тайпақ мектеп -гимназиясы , М.Әуезов атындағы ЖОББМ, №1ЖОББМ, Қ.Байсықов атындағы ЖОББМ «Алматыкітап» баспасының TOPIQ" kz платформасымен жұмыстануда. Жайық негізгі мектебі «Кітап кz»  платформасы арқылы қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын  онлайн тыңдап  және  оқи алады.

Бюджет және білім беру ұйымдарының материалдық-техниалық базасын нығайту

Ауданның 2023 жылғы қаржысы -10 950 904, 2 мың теңге. 2022 жыл  - 9 541 893,6 мың теңге (2022 жылмен салыстырғанда 14% жоғары. Қаңтар айында педагогтар жалақысының 25% өсуі есебінен).

2023 жылы 44 мектепті қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 330629,5 мың теңге, мектеп оқушыларының қауіпсіз білім алуын қамтамасыз ету бойынша 8127,2 мың теңге, буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылып келген бастауыш мектептерге 3 тоқсаннан бастап ыстық тамақ ұйымдастыру көзделуде, соған орай бастауыш мектептердегі ыстық тамақты ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға 56967,1 мың теңге жұмсалды. Жалпы алғанда 2023 жыл 395723,8 мың теңге мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталды. 

Құрылыс және күрделі жөндеу жұмысы

2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына сай Тайпақ ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 355 340 730,0 теңге (жобаның жалпы құны – 412 266 222,09 т.) бөлінсе, Базартөбе ауылындағы орта мектебіне де күрделі жөндеуге 412 266 222,09 теңге қарастырылды.

2023 жылдың 3-ақпанында Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББМ бойынша «Тасқала Транс Газ» ЖШС-мен күрделі жөндеу жұмыстарын толық аяқтады.

Қазіргі таңда Базартөбе жалпы орта білім беретін мектебінің  құрылыс монтаждау жұмыстары жалпы 95% орындалды.

«БҚО, Ақжайық ауданы, Атамекен ауылындағы 108 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы» нысаны бойынша құрылысты «Жаиксельстрой» ЖШС (БҚО, Орал қ.) және «БҚО, Ақжайық ауданы, Жайық ауылындағы 60 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы» жобасын іске асырған «Аксай Строй Сервис и К» ЖШС (БҚО, Ақсай қаласы) 2023 жылдың қаңтар айында бастап, 2023 жылдың 26 желтоқсанда аяқтады. Қаржыландыру көзі: «Карашығанак Петролиум Оперейтинг Б.В.» есебінен жүргізілді.

Жоспарланған және тозығы жеткен білім беру ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары көзделіп отыр. 2024-2025 жылдары Базаршолан ауылындағы Ғ.Махамбетов атындағы ЖОББМ мен Тайпақ ауылындағы Қ.Байысықов атындағы ЖОББМ күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Бұл үшін жобалық-сметалық құжаттамалары 2023 жылы дайындалып, сараптамадан өткізілді.

Документы
Новости
Полезные материалы
БАЛАЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН АЛГОРИТМ
Медиагалерея
1
Репитер - байланысқа кедергі
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы