
|
Оқу орнының атауы: |
БҚО Ақжайық ауданының білім бөлімінің «Ақжайық аудандық балалар- жасөспірімдер туризм орталығы» КММ |
|
Мекен жайы: |
БҚО, Чапаев ауылы, Қонаев к-сі 53А |
|
Басшының лауазымы: |
директор |
|
Басшының аты жөні: Орынбасарының аты жөні: |
Үмбеталиев Максим Жаншаұлы Шамелов Дулат Қайратұлы |
|
Ғимараттың іске қосылуы және салыну уақыты |
1965 г. |
|
Ашылу уақыты: |
«2» наурыз 2005 жыл (Ақжайық ауданының әкімінің 2005 жылғы 2 наурыздағы №69 қаулысы. «Ақжайық аудандық туризм және экология орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құру» |
|
Ғимараттың жалпы көлемі: |
104,5 м2 |
|
Жобалық қуаттылық: |
Бір уақытта 20 бала |
|
Оқу бөлмелерінің саны: |
1 |
|
Көрермендер залының орын саны: |
жоқ |
|
Спорт залының саны: |
жоқ |
|
Оқу орнының түрі мен типі: |
Қосымша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру |
|
Білім беру түрі: |
Қосымша білім беру |
|
Топ саны: |
175 |
|
01.09.2019 жылға оқушы саны: |
2400 |
|
Педагогтардың саны: оның ішінде толық емес жұмысшылар: |
74 44 |
|
Педегогтардың сапалық құрамы:
|
78 % жоғары білімді, 17,8 % жоғары және бірінші санатты |
Ақжайық аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығы 2018-2019 – оқу жылында жоспарға сай жұмыстануда. Негізгі бағыт оқушылардың, жасөспірімдермен балаларға туризм, экология және өлкетану үйірмелері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға, олардың денсаулығын нығайтуға, туған жерінің табиғатын қорғауға, тарихын зерделеуге тәрбиелеу. өзінің кіші отанына деген сүйіспеншілігі арқылы Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларға өз қалаулары, мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына, зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға жағдай жасау. Осы мақсатта бүгінгі таңда қосымша білім беру педагог саны - 74, аудан бойынша 26 мектеппен, (орта мектептерде 23, негізгі мектептерде 3). Жоспар бойынша 4 бағытта жұмыстанамыз.
1.Туризм үйірмелері;
Аудан бойынша 2400 оқушын үйірмемен қамтамыз етіледі, ауданның барлық оқушы санының 43,3%, ААБЖТО –да - 480 (7,3 %) қамтылған. Соның ішінде туризм үйірмесінде – 1000, экология үйірмесінде – 530, өлкетану және мұражай ісі үйірмелерінде – 870 оқушы бар.
Кітапханамызда 100 дана әдебиет кітаптар мен оқулықтар, газет -журналдар жинақталған.
Аудан бойынша қосымша білім саласында жалпы педагог саны- 74. (оның ішінде 14 педагог ААБЖТО, қалған педагог аудан мектептерінен), жоғарғы білімді педагог саны-74 (93,5 пайыз), орта кәсіптік білімді-10 (6,5 пайыз).
ААБЖТО бойынша барлығы 14 педагог- оның 11 - жоғары білімді (93%). Санаттар бойынша жоғары санатты педагог саны -1, бірінші санатты -5, екінші санатты-19, 2017-2018 оқу жылында барлық мектептер бойынша 3 педагог қосымша білім беру саласы бойынша ІІ санатқа, 2 педагог қосымша білім беру саласы бойынша І санатқа санаттарын көтерді.
20 астам туризм, экология және өлкетану бағыттары бойынша онлайн сабақтар өткізілді. 7 аудандық онлайн жарыстар оздырылды. 13 облыстық онлайн байқаулар мен жарыстарға қатынасып, үйірме оқушылары барлығынан жүлделі орындарға ие болды.
Орталықта әдістемелік кабинет жұмыс жасайды. Әдіскерлер педагогтар мен оқушылармен тығыз байланыс жасай отырып, жорықтар, байқаулар, оқу-жаттығу жиындары, туристік жарыстар, олимпиадлар ұйымдастырып отырады. Биылғы жылы өлкетану бағытында өткізген педагогтардың жұмыстарын аудан көлемінде таратуға ұсындық. Оқушылар халықаралық, республикалық, туристік-экологиялық жарыстар, туристік-өлкетанулық жорықтар, байқаулар мен фестивальдарда бақтарын сынап, үлкен жетістіктерге жетіп отырады.Осы оқу жылында аудандық байқауларды есептемегенде 18 облыстық, 5 республикалық, 3 халықаралық сайыстарға белсенді қатысып жүлделі орындарға ие болды.