
2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметі 12653,6 млн. теңгені, соның ішінде өндірілген өсімдік шаруашылығы өнімі – 2057,1 млн. теңгені, мал шаруашылығы – 10553,5 млн. теңгені құрады.
2020 жылдың 6 айында 255 млн. теңге инвестиция тартылып, 2019 жылдың сәйкесті кезеңінен 15,3 % көп.
Өсімдік шаруашылығы
Ауданда ауылдық округтерден берілген жедел мәліметтер және көктемгі – далалық жұмыстардың қортындысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы – 1,39 мың га құрап отыр, бұл Меморандум (1,32 мың га) көрсеткішінің 106,9% немесе 0,08 мың га көп.
Мал азықтық дақылдар 0,57 мың га егілді немесе Меморандум (0,42 мың га) көрсеткішінің 137% немесе жоспардан 0,15 мың артық (көп жылдық шөптер – 0,42 мың га, бір жылдық шөптер – 0,1 мың га, сүрлемді жүгері – 0,05 мың га);
Картоп, көкөніс және бақша дақылдары 0,82 мың га егілді немесе 92,1% (картоп – 0,12 мың га, көкініс дақылдары – 0,2 мың га, бақша дақылдары – 0,49 мың га).
Картоп, көкөніс-бақша өнімін жинау. 17 қыркүйек 2020 жылға аудан бойынша жиналғаны картоп 0,06 мың га алынған өнім 0,73 мың тонна, көкөніс 0,17 мың га алынған өнім 2,3 мың тонна, бақша 0,47 мың га алынған өнім 6,3 мың тонна.
Мал азығын дайындау.
2020-2021 жылдың мал қыстағына малды азықпен қамтамасыз ету үшін 241,7 мың тонна шөп дайындау жоспарланып отыр. Жедел ақпарат бойынша 2020 жылдың 17 қыркүйегіне 208,2 мың тонна шөп дайындалды, бұл қажеттіліктің 86,1 құрап отыр.
Мал шаруашылығы
2020 жылдың 1 қыкүйегіне мүйізді ірі қара 100,6 мың басты (108,4%), жылқы – 41,0 мың басты (114,3%), құс – 36,3 мың басты (101,7%) ешкі – 55,4 мың басты (103,4%), түйе – 0,21 мың басты (111,0%) құрап өссе, қой – 201,6 мың басты (98,7%), құрап кеміп отыр.
Мал шаруашылығы саласында 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында 7,143 мың тонна тірілей салмақта мал және құс еті өндірілді немесе 2019 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 102,6%-ды құрады. Барлық шаруашылықтар бойынша сүт өндіру 24,4 мың тонна (100,1%), өндірілген жұмыртқа 1,9 млн. дананы (100,0%) құрап отыр.
2020 жылдың 1 қаңтарына ауданда 65 асыл тұқымды шаруашылық тіркелген, соның ішінде, 52 асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен, 5 шаруашылық қой өсірумен, 8 шаруашылық жылқы өсірумен айналысады.
Аталған шаруашылықтарда 10930 бас асыл тұқымды ірі қара малы, 6149 бас қой, 4669 бас жылқы өсірілуде.
Барлық санаттағы асыл тұқымды мал басының үлес салмағы жалпы мал басынан, ірі қара мал – 12,3 %-ды, қой – 2,7%-ды, жылқы – 13,5%-ды құрайды.
2020 жылғы II жартыжылдықтың міндеттері:
Мемлекеттік гранттарды мемлекет «Бизнес жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері (Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы) арқылы береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар гранттар беруге арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады. Конкурс бюджет қаражаты болған жағдайда жылына кемінде 2 рет өткізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі облыстың өңірлік апта сайынғы баспа басылымында бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн.теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.