
Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша:
Бөлім арқылы аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) келесі әлеуметтік төлем түрлері тағайындалып төленеді: (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек және (ТҮ) тұрғын үй көмегі.
Ағымдағы жылы 1 қыркүйегіне АӘК 188 отбасына, оның ішінде 1 021 адамға тағайындалып, 47,6 млн. теңге төленді. АӘК алушы отбасыларының 1-6 жасқа дейінгі 203 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама 11,7 млн. теңгеге берілді.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері жергілікті уәкілетті органдардың шешімімен анықталып, халықтың әлжуаз топтарына тұрғын үй көмегі төлененуде. Аудан бойынша тұрғын үй көмегі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 29 отбасына 1,0 млн. теңге көлемінде көрсетілді.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне республикалық бюджеттен төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес, жергілікті бюджет есебінің мүмкіндігіне қарай қосымша әлеуметтік көмектер қарастырылған: атаулы және мерекелік күндерге төленетін біржолғы әлеуметтік көмек және коммуналдық шығындарды өтеу үшін төленетін ай сайынғы әлеуметтік көмек.
Жергілікті бюджеттен (ЖБ) санаттар бойынша төленетін біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері және қамтылуы:
- ҰОС –ның қатысушысы – 1,0 млн. теңге (1 адам);
- 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар – 30,0 мың теңге (Чернобылде болғандар -8, Семей ядролық палигонына қатысқандар-23);
- Ауған соғысының мүгедектері – 50,0 мың теңге (22 адам);
- ҰОС қаза болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері және қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері - 30,0 мың теңге (9 адам);
- ҰОС жылдары тыл жұмыстарында жұмыс істеген адамдарға – 30,0 мың теңге (наградталған тыл ардагерлері - 3, наградталмаған тыл ардагерлері -338 адам);
- бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы -20,0 мың теңге (17 адам).
Сонымен қатар, ауданымызда Ұлы Отан соғысының қатысушысына ай сайынғы коммуналдық қызметтерді төлеу үшін берілетін ай сайынғы әлеуметтік көмектің көлемі 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтарға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленуде.
Ай сайын «Капустин Яр» және «Азғыр» ядролық сынақ полигондарының әсерінен зардап шеккен және аудан аумағында тұратын бірінші топтағы мүгедектерге-40, 109 бала жасынан мүгедектерге және 44 мүгедек балаларға (2 АЕК мөлшерінде), екінші топтағы мүгедектерге-91 (1,5 АЕК мөлшерінде), үшінші топтағы мүгедектерге-142 (1 АЕК). Төленген жәрдемақы мөлшері -13,9 млн.теңге.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Аудан бойынша жалпы мүгедектер саны 1398 адам, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 149 адам.
2020 жылдың 1 қыркүйегіне «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының аясында 26 мүгедек түрлі жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның ішінде 1 мүгедек тұрақты бос жұмыс орындарына, 2 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 мүгедек жастар тәжірибесіне, 22 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, сондай-ақ 4 мүгедек өтеусіз негізде грант алды.
Аудан бойынша 128 әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне паспорттау жүргізілді. Паспортталған объектілердің ішінен бейімдеуді қажет ететін 128 объектіден, 128 объекті 100 (%) пайыз бейімделді. Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 автокөлік аудан бойынша 19 мүгедекке «Инватакси» қызметі көрсетілді.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері арқылы 2020 жылдың 1 қыркүйегіне 176 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды, оның ішінде 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектер 49, он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық ауруы бар балалар 11, тірек қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балалар саны -14 және 102 жалғызілікті қариялар қамтылған.
Жұмыспен қамту
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруға ауданға 291,1 млн теңге қаражат бөлінді. 2020 жылдың 1 қазанына қаржыландыру жоспары бөлінген 164,2 млн. теңгенің 164,1 млн. теңгесі, немесе 100,0% игерілді.
2020 жылдың 1 қыркүйегіне бойынша 1862 адам жұмыспен қамту орталығына жолығып, соның ішінде 1760 адам бағдарламаға қатысушы құрамына енгізілді.
Бағдарлама аясында 533 адам жұмысқа орналастырылды (оның ішінде тұрақтысы 372 адам).
Бағдарламаның 1 бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 25 адамды жолданды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 30 адамды жолдау жоспарланып, 42 адам жолданды.
Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 446,4 млн. теңге көлемінде 117 адамға несие беру жоспарланып, ағымдағы жылдың есепті кезеңге 245,6 млн. теңге көлемінде 55 адамға несие берілді.
93 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру жоспарланып, 87 адам грант алды.
Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 61 адамды оқыту жоспарланып, 88 адам жолданды.
Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 2482 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 1780 адам қамтылды, немесе 71,7 %.
- 88 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 116 адам жолданды, немесе 131,8 %.
- 198 жас маманды жастар практикасына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 134 адам жолданды, немесе 67,6 %.
- 700 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 709 адам тартылды, немесе 101,3 %.
Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша. Аудан көлемінде 2020 жылы 1386 жұмыс орындарын құру жоспарланып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 1258 жұмыс орындары құрылды, соның ішінде тұрақтысы 266 жұмыс орны.
2020 жылдың 1 қыркүйегіне бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,7%, 15-28 жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,0%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,0 % құрады.
Жұмыспен қамту Жол картасы бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 8 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланды. Іске асырылып жатырған жобаларда 318 жұмыс орнын құру, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 161 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 01 қыркүйекке 161 адам ХЖҚО арқылы жолданды.