
Тілдерді дамыту
«Өңірлерді дамыту бағдарламасын» орындау мақсатында 2019 жылы 44 адам ағылшын тілі курсын аяқтады.
Ауданымызда тіл саясаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүргізілуде. Аудандағы барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,6 пайызды құрайды. Аудан халқының санының 95 % - қазақтар, 3 % - орыстар, 2 % - өзге ұлт өкілдерінен құралған.