
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев пен аудан әкімдері арасындағы инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша меморандум аясында атқарылған жұмыстар шеңберінде
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша:
Меморандум бойынша негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі
4,8 млрд.тг. жоспарланған болса, 2020 жылдың 1-тамызына
2 150,8 млн.тг. құрады (44%). Соның ішінде 786,1 млн.тг. бюджеттік (335,2 млн республикалық бюджет және 450,8 млн жергілікті бюджет) қаражат болса,
1 316,4 млн.тг. меншікті қаражат (жеке инвестиция).
1316,4 млн теңгенің 255 624 мың теңгесі ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция болса, 966,8 млн құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша инвестиция, қалғаны 94,0 млн басқа да инвестиция көздері.
Аукцион немесе конкурс арқылы берілген жер телімдерінде жүргізілетін жобалардың толық іске қосылғанға дейін қолдау және сүйемелдеу мақсатында ауданымызда кәсіпкерлік саласын ілгерілетуге және инвестиция тартуды көздейтін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылы құны 1 млрд 918 млн теңгені құрайтын барлығы 15 жоба сүйемелденуде.
Атап айтқанда 2020 жылы Ақсуат ауылдық округінде құны 300 млн теңгені құрайтын қымыз өндіру цехы және жылқы бордақылау алаңын ашуды, Чапаев ауылында құны 200 млн теңгені құрайтын құрама жем өндіру кешені, Бударин ауылдық округі Коловертное ауылында құны 150 млн теңгені құрайтын сүт өнімдерін өндіру цехы, Чапаев ауылында құны 100 млн теңгені құрайтын сауда үйі, Чапаев ауылында құны 70 млн теңгені құрайтын асфальт зауыты, Чапаев ауылында құны 120 млн теңгені құрайтын сауда орталығы,Чапаев ауылында құны 25 млн теңгені құрайтын қоғамдық монша, Шабдаршап ауылында құны 400 млн теңгені құрайтын автокемпинг, Чапаев ауылында құны 8 млн теңгені құрайтын бөтелкедегі су дайындау цехы, Чапаев ауылында құны 35 млн теңгені құрайтын «Жұбан орталығы», Чапаев ауылында құны 60 млн теңге құрайтын супермаркет, Чапаев ауылында құны 30 млн теңгені құрайтын жылыжай, Ақсуат ауылдық округінде құны 10 млн теңгені құрайтын қылқан жапырақты ағаш егетін орман тұқымбағы, Жайық ауылында құны 10 млн теңгені құрайтын арболиттік тас шығаратын цех, барлығы 15 жоба. Жылдың қорытындысы бойынша меморандумға көрсеткішке қол жеткізу күтілуде.