2023 жылға атқарылған құрылыс монтаж жұмыстары
Құрылыс монтаж жұмыстары бойынша
- «БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылының Мендалиев және Қонаев көшелерін жарықтандыру құрылысы» (42740 мың теңге "Жайық Сити" ЖШС) нысанына 2023 жылдың 21 тамызында қабылдау актісі жасақталып, теңгерімге беру жұмыстары жүргізілуде.
- «БҚО Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының Тайманов көшесін жарықтандыру құрылысы» (22736 мың теңге "Жайық Сити" ЖШС) нысанына 2023 жылдың 2 шілдеде қабылдау актісі жасақталып, теңгерімге беру жұмыстары жүргізілуде.
- «БҚО Ақжайық ауданы Қызылжар және Баянтөбе ауылдарының газ құбырының құрылысы» (60147мың теңге "Газстрой"ЖШС) нысанына 2023 жылдың 27 қыркүйекте қабылдау актісі жасақталып, теңгерімге беру жұмыстары жүргізілуде.
- «БҚО Ақжайық ауданы Бударин ауылындағы мәдениет үйі ғимаратын қайта жаңарту» (146159мың теңге "ГрадСтройСервис" ЖШС) нысанына 2023 жылдың 4 қазандағы қабылдау актісі жасақталып, теңгерімге беру жұмыстары жүргізілуде.
- «Чапаев ауылы екі 3 қабатты 24 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы» (597 млн теңге "BRAT.M" ЖШС)нысанына2023 жылдың 25 қыркүйекте қабылдау актісі жасақталып, теңгерімге беру жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылдағы ЖСҚ бойынша
- «БҚО Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы Молдағұлова және Нұрпейісова көшелерін жарықтандыру құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары (1 612 800 теңге «STROYCONCALTING» ЖШС) жасақталып, 2024 жылға сараптама өткізуге құжаттар жинақталуда.
- «БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 200 000 бірлік құжаттарды сақтауға арналған архив ғимаратының құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары (3 750 000 теңге "МИР ПРОЕКТ" ЖШС) жасақталып, 2024 жылдың қаңтар айында сараптамадан қорытындысын шығару жоспарлануда.
- «БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары (8 164 800 теңге "МастИнжПроект" ЖШС) мамыр айында ЖСҚ жасақталып, 2024 жылдың сараптама өткізу жоспарлануда.
- «БҚО Ақжайық ауданы Ақсуат ауылындағы мәдени демалыс орталығы құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары (4 464 286 теңге «STROYCONCALTING» ЖШС) жасақталып, 2024 жылдың қаңтар айында сараптама қорытындысын шығару жоспарлануда.
- «БҚО Ақжайық ауданы, Қабыршақты ауылындағы 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары (2 700 мың теңге "ПроектСтройИнжиниринг" ЖШС) жасақталып, сараптама қорытындысы шықты. 2024 жылы БҚО құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім беріледі.
- «БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газбен жабдықтау)» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары (1 512 мың теңге «STROYCONCALTING» ЖШС) наурыз айында ЖСҚ жасақталып, 2024 жылы сараптамада қорытындысын шығару жоспарлануда.
2023 жылда елді мекендердің бас жоспар бойынша
Ақжайық ауданы 45 елді мекеннің 34-і бас жоспар бас жоспар бекітіліп, қалған 8 елді мекен (Қызылжар, Қадырқұл, Тегісжол, Тінәлі, Коловертное, Баянтөбе, Қарағай, Тасоба) бас жоспарлар (8,7 млн теңге «STROYCONCALTING» ЖШС) жасақталып, 2024 жылы Ақжайық аудандық мәслихат сессиясында бекітуге жұмыстар жасақталуда.
Сонымен қатар, БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының кезекші жоспарының ақпараттық ресурстарын жинау және өңдеу (1:500 масштабтағы кадастрлық жоспар жасай отырып, құрылыс салынған аумақтарда жер асты және жер үсті коммуникацияларын түгендеу) жөніндегі жұмыстар
2023 жылғы 22 мамырдағы №19 шарт бойынша ауданы 100,9 га алаңға құны 4 531 846,82 теңгеге жұмыстар жасалды.
Геопортал РГП «Госградкадастр» базасына енгізу жұмыстары бойынша 111 тұрғын үйдің құжаттары енгізіліп, нәтижесінде 8784 шаршы метр құны 695 млн.теңгеге тұрғын үйлер салынды.
Электронды түрде гео ақпараттық порталы жер тандау және анықтау актісін жасақтау бойынша 51 жасақталды.
2023 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру - 346;
- Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу - 289;
- Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну - 337
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу – 8
2023 жылға сатып алынған тұрғын үйлер бойынша жұмыстар
2023 жылға тұрғын үй сатып алу жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша республикалық бюджеттен 146 850 000 теңгеге жеке тұлғалардан (Чапаев ауылынан - 11, Жайық ауылынан – 1, Тайпақ ауылынан – 1, Жаңабұлақ ауылынан – 1, Есенсай ауылынан – 1, Мерген ауылынан – 1, Бударин ауылынан-1) барлығы 17 тұрғын үй сатып алынды.
Қазіргі уақытта сатып алынған тұрғын үйлерді «Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне теңгерімге беру жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылғы сот процестері
- «ГрадСтройСервис» ЖШС-не Ақсуат ауылындағы ауылдық мәдениет үйі ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары кезіндегі төленген 25 498 750,20 теңге аванс сомасын өңдіру туралы. Сот процесі кезінде жауапкер 19 925 798,20 теңгесін бюджетке қайтарып қалған 5 572 952 теңге демонтаж жұмыстарын жүргізуіне байланысты алып қалды. Барлығын сот ескере отырып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды.
- «ГрадСтройСервис» ЖШС Бударин ауылындағы мәдениет үйін қайта жаңарту жұмыстары кезіндегі мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап қою бойынша. Сот процесі кезінде жауапкер мемлекет пайдасына 1 412 953 тенге тұрақсыздық айыбын төлетіп жосықсыз қатысушы деп танылды. Жауапкер соттан кейін 30 күн ішінде құрылыс монтаж жұмыстарын жалғастырып, апелляциялық щағам түсіріп, апеллияциялық сот бірінші соттың шешімін жартылай күшін жойды.
- Талапкер Кубегенов Расул Жарасовичтің, құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну бойынша жасалған мемлекеттік қызметке келіспейтіндігіне сотқа жүгінген. Біздің бөлім барлық материалдар мен дәлелдемелерді сот алдында дәлелдеп, сот талапкердің арызын қанағаттандырусыз қалдырды.
- «Жайық Сити»ЖШС-не Тайпақ ауылындағы Хаң Тәңірі көшесін жарықтандыру құрылысы нысаны бойынша пайда болған ақауларды түзетуге сотқа талап арыз жіберілді. Сот процестері жалғасуда.
- "QazConstructions"ЖШС-не Мойылды ауылындағы су құбыры құрылысы нысаны бойынша пайда болған ақауларды түзетуге сотқа талап арыз жіберілді. Сот процестері жалғасуда.
2024 жылға атқарылатын жұмыстар туралы жоспары.
Басталатын құрылыс монтаж жұмыстары
- «БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылының оңтүстік тұрғын ауданының (су желілері) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» нысаны бойынша (108 428764 теңге,жобалаушы «STROYCONCALTING» ЖШС) сараптама қорытындысы шықты. 2024 жылы құрылыс монтаж жұмыстары басталады. Құрылыс ұзықтығы 4 ай.
- «БҚО, Ақжайық ауданы, Қабыл ауылында су құбырының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша (444 087 930 теңге жобалаушы"ЖайыкСтройПроект"ЖШС) сараптама қорытындысы шықты. 2024 жылы құрылыс монтаж жұмыстары басталады. Құрылыс ұзықтығы 4 ай.
- «БҚО, Ақжайық ауданы, Қабыршақты ауылында бас су алғыш және су құбырының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша (170 452 374 теңге жобалаушы «Сәтті Сәулет» ЖШС) сараптама қорытындысы шықты. 2024 жылы құрылыс монтаж жұмыстары басталады. Құрылыс ұзықтығы 7 ай.
- «БҚО, Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылындағы 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы» жұмыс жобасы бойынша (290 730 445 мың теңге жобалаушы«STROYCONCALTING» ЖШС) сараптама қорытындысы шықты. 2024 жылы құрылыс монтаж жұмыстары басталады. Құрылыс ұзықтығы 8 ай.
Жалғастыратын құрылыс монтаж жұмыстары
- «БҚО Ақжайық ауданы Чапаево ауылының су құбырын реконструкциялау» (қалған қаражат 443 420 926 тенге)
- «Тінәлі ауылындағы су құбырының құрылысы» (қалған қаражат 443 420 926 тенге)
- «Лбішін ауылында бір қабатты екі пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы» (2 827 524 тенге)
Жасақталған ЖСҚ сараптамадан өткізу жұмыстары
- «БҚО Ақжайық ауданы Базаршолан, Қадырқұл ауылдарын ауылішілік газбен жабдықтау құрылысы және Қабыршақты ауылына газбен жабдықтау» (1350 мың теңге "Айтаба Проект" ЖШС) нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары жобасы жасақталды. Қәзіргі уақытта жер учаскесін рәсімдеуге құжаттар жинақталуда. Мемлекеттік сараптамадан өткізу жоспарлануда.
- «БҚО Ақжайық ауданы Жайық ауылындағы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы (газбен жабдықтау)» (1350 мың теңге «Инженер+» ЖШС) нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары жобасы жасақталды. Қәзіргі уақытта жер учаскесін рәсімдеуге құжаттар жинақталуда. Сараптамадан өткізу жоспарлануда.
- «БҚО Ақжайық ауданы Жайық ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы (сумен жабдықтау)» (1350 мың теңге «STROYCONCALTING» ЖШС) нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары жобасы жасақталды. Қәзіргі уақытта жер учаскесін рәсімдеуге құжаттар жинақталуда. Сараптамадан өткізу жоспарлануда.
- «БҚО Ақжайық ауданы Жайық ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы (электр жабдықтау) » (1350 мың теңге «STROYCONCALTING» ЖШС) нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары жобасы жасақталды. Қәзіргі уақытта жер учаскесін рәсімдеуге құжаттар жинақталуда. Сараптамадан өткізу жоспарлануда.
- «БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы 3 қабатты
36 пәтерлі екі үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» (1350 мың теңге «STROYCONCALTING» ЖШС). нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары жобасы жасақталды. Қәзіргі уақытта жер учаскесін рәсімдеуге құжаттар жинақталуда. Сараптамадан өткізу жоспарлануда.
ЖСҚ жасақтау
- «БҚО Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылындағы Т.Жумалиев көшесін жарықтандыру құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары (болжамды құны 1 900 000 тенге).
- «БҚО Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылындағы Т.Масин көшесін жарықтандыру құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары (болжамды құны 1 900 000 тенге).
- «БҚО Ақжайық ауданы Алғабас ауылындағы электр желілерін қайта жаңарту» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары (болжамды құны 3 900 000 тенге).
- «БҚО Ақжайық ауданы Қарауылтөбе аулындағы су құбырын қайта жаңарту» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу және инженерлік – геодезиялық, инженерлік – геологиялық іздестірулер жүргізу жұмыстары (болжамды құны 4 000 000 тенге). ЖСҚ дан бұрын техникалық зерттеулерді жүргізуді қажет етеді.