Әкімі аппаратының құрылған жылы 1997ж. Штат саны-10, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны - 4 (1 - әкім, 3- бас маман,).
Жамбыл ауылдық округі әкімшілігі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында жұмыстар атқарып келеді. Ауылдық округ бойынша жылдың басынан бастап 24 жаңа жұмыс орнын ашу (12 тұрақты, 12 уақытша) жоспарланған болатын. (жастар тәжірибесіне 3, ақылы қоғамдық жұмысқа 41, әлеуметтік жұмыс орны 4, алғашқы жұмыс орнына 2) шаруа қожалықтары арқылы 32 адам, тұрақты жұмыспен 9 адам, жастар тәжірибесімен 3 адам қамтылды. 3 айға Атамекен лагеріне 4 ауыл тұрғыны уақытша жұмысқа алынды. Барлық алынған жұмысшылардың құжаттары «Еңбек-кз» сайтына уақтылы тіркелді.
«Алтын алқа» мемлекеттік наградаға 1 көпбалалы ана ұсынылды. Үштөбе ауылының 2 тұрғыны «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 1,380 мың тг көлемінде құс шаруашылығын және қыз жасауын дамытуға мемлекеттен қайтарымсыз грант алды.
Жыл басында жұмыссыздар саны -77 болатын, с.і. нақты қазіргі уақытта – 43.
Күні бүгінге округ бойынша шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 49. Округтің географиялық орналасуы негізінен мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы болғандықтан шағын кәсіпкерлік саласында да олардың үлес салмағы басым. Кәсіпкерлік субьектілерінің 46 ауыл шаруашылық құрылымдары.
Округ бойынша анықталған жаңа форматта АӘК алуға құқылы отбасылар саны - 2 , ондағы адам саны - 10, атаулы әлеуметтік көмек алады.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз.
| Адрес | Жағалау 5 |
| Телефон | 8(71136) 50-5-51 |



