
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Жанама, Сарман ауылдары толықтай таза ауыз сумен қамтылып отыр. Осы жерде айта кетер жағдай: 2014 жылы пайдалануға берілген осы нысан жылдан-жылға ескіріп, тозуда. Екі ауылға су беріп тұрған 50 тонналық мұнара бірнеше жерден тесілді. «ЖайықТехСервис» мекемесінің мамандары дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгенмен, мұнара жаңамен ауыстыруды қажет етеді. Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасарына хат жолданды. Қалыптасқан қиындықтарға қарамастан тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамтып отырған оператор М.Татеновтың еңбегін атап өткен жөн.
Округ бойынша 147 үй және 6 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қосылған. Жанама ауылындағы медициналық пунктті көгілдір отынға қосу жөнінде тиісті органдарға хат жолданды.