
Округте 1 мәдениет үйі және 2 кітапхана жұмыс жасайды.Мектептегі 3 спорттық секцияда 45 бала спорттың әр түрімен шұғылданады. Спорттың жаңа түрі ММА-дан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ауылдасымыз шабдан Самғат, былтырғы жылы Албанияның астанасы Тиранада өткен әлем чемпионатында тағы да күміс жүлде алып, ел мерейін өсірді.
Ауыл жастарының ат спортына, атбегілікке деген ынтасын да атап өткеніміз жөн. Ауыл балалары мен жастарының дене тәрбиесі мен спортқа деген қызығушылығы ескеріліп, «Үздік ауылдық округ» байқауының жеңімпазы ретінде бөлінген 10 млн теңгенің 8 млн 500 мың теңгесі жергілікті қоғамдастық кеңесінің келісімімен ойын-жаттығу алаңын салуға бөлінді. Мемлекеттік сатып алу әдісімен бөлінген 8,500 мың тенгенің 6,780 мың теңгесіне аталған алаң салынып, пайдалануға берілді және 1,330 мың теңгеге киіз үй сатып алынды. Осы екі жобадан үнемделген 1 млн 890 мың теңге аудандық бюджетке қайтарылды.