
Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 2 -кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Мәдениет саласында 6 адам қызмет жасайды. 7- үйірме бар. Ән үйірмесі, әжелер ансамбльі, келіншектер тобы, би домбыра үйірмелері бар. Мәдениет саласында көптеген шаралар жоспарлы түрде өткізіліп келеді. Барлық мерекелер тиісті деңгейде ұйымдастырылып өткізілгенін айта аламын.