
Ауылдық округ бойынша 2023 жылы тартылған инвестиция көлемі 282,3 млн. теңге (2022 жылы – 141,0 млн теңге).
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылға 2 өтінім беріліп, 1 өтінімге 8,5 млн.теңгеге несие қаражаты мақұлданды.Оның ішінде:
1 өтінім бойынша 8,5 млн.теңге несиеленді (1 – бордақылау (34 бас МІҚ)).
1 өтінім бойынша құқықтық ескертулерді жою және келісімшартқа дайындау жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылға жалпы құны 63 млн.теңгеге 9 тұрғын өтінім беріп отыр.