
2023 жылға арналған бюджет көлемі 55 млн 935 мың теңгені құраған болатын. Аталған қаражат аппараттың шығынына, Интернет желілері мен Е-Халық базасына, көшелерді жарықтандыруға, қордаланған қоқысты шығаруға жұмсалған болатын. Жергілікті салық жыл бойынша жоспар 1.960.000 болса 3 млн 168 мың теңге болып 1.208.000 артық орындалды. Яғни осы жиналған қаражатты жергілікті қоғамдастық шешімі бойынша наурыз айында жұмсауға болады. 2022 жылы жоспар бойынша 1.728.000 т жиналу қажет болса, 924 мың теңге жиналып салық орындалмаған болатын.