Қойылған кестеге сәйкес, 6 маусым күні ауданнан арнайы маман келіп мал азығын дайындауға шығатын тракторларды техникалық байқаудан өткізді. Көнеккеткен ауылдық округі бойынша 21 (жиырма бір) техника байқаудан өтті.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Индер-Ақжайық-Барбастау автомобиль жол бойының округке қарасты аумағы тазартылды. Жол бойындағы аялдама ақталып, әжетхана сырланды. Жеңіл көлік тіркемесімен ауылішілік тазалық жұмыстарына қатысты.