
Окрутің әкімшілік ғимаратында ыңғайластырылған 1 ауылдық клуб, 1 ауылдық кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетуде. Қызметкерлердің 2-уі жоғары, 2-уі арнаулы орта білімді.
Кітапханадағы кітап қоры 12534, соның ішінде қазақ тіліндегі кітаптар саны 8004, оқырмандар саны 710 адам. Бүгінгі кітапхананың міндеті оқырмандарға рухани байлық – кітапты насихаттау.
2023 жылы мәдениет саласы бойынша жыл басынан бері түрлі деңгейде мәдени іс-шаралар жоспарлы түрде өтті. Жыл соңында техникалық базасын нығайту бағытында Ақжайық аудандық мәдени демалысы орталығынан құны 571 261 теңге тұратын су жаңа музыкалық аппарат салынды.
Ауылдық округтегі спорт алаңында, көше тренажерларында, мектеп спорт залында кестеге сәйкес әр түрлі спорт түрінен (күрес, қол күресі, волейбол, баскетбол, т.б.) ауыл жастарына арналған үйірмелер жұмыс жасайды.