
Ауылдық округ бойынша 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 2 мектеп жанындағы балалар шағын орталығы және интернат қалыпты жұмыс жасауда.
Ораз Исаев атындағы ЖОББМ бойынша 2023-2024 оқу жылында 122 оқушы, шағын орталықта 3 топта 32 бала, мектеп алды даярлықта 10 бала тәрбиеленуде.
Былтыр ұлттық бірыңғай тестілеуге 9 мектеп түлегі қатысып, 8 – і мемлекеттік грантқа (6 ЖОО, 2 арнаулы орта оқу орны) ие болды. (орташа балл 66,6)
Ұстаздар саны-30, олардың жоғарғы білімді 93,4 %, арнаулы орта білімді 6,6 %.
Интернатта 2023-2024 оқу жылына 24 оқушы білім алып тәрбиеленуде.
«2021-2025 жылғы оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Кітап сенің досым» байқауы биыл да жалғасын табуда. 1 қыркүйектен-23 сәуірге дейін созылатын жоба байқауының жеңімпаздары атанатын ең үздік оқырманға 2 велосипед сыйға тартылмақ.
Қамыстыкөл бастауыш мектебі бойынша 0-4 сынып дейін 5 оқушы, шағын орталықта 9 тәрбиеленуші. Мұғалімдер саны-3, олардың барлығы жоғарғы білімді.