
Ауылдық округ бойынша 2023 жылы тартылған инвестиция көлемі 2023 жылы жоспар бойынша ауыл шаруашылығы саласына 29,550 млн теңге жеке инвестиция тартылуы керек болса, Көнеккеткен ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласына 9 шаруа қожалығына 61,4 млн теңге жеке инвестиция тартылды, орындалуы-207,7 %. (2022 жылы-17,580 млн теңге)
Мал шаруашылығын дамытуда өнімділігі анағұрлым жоғары асыл тұқымды мал басын өсірудің маңызы зор. 2023 жылы «Бірлестік» ШҚ-5 бас, «Иса» ШҚ-2 бас, «Даулет» ШҚ-4 бас, «Әліп» ШҚ-2 бас, «Аймырза» ШҚ-4 бас, «Арман» ШҚ-3 бас барлығы 20 бас асыл тұқымды бұқаларын және «Досмаков» ШҚ – 40 бас ангус, «Бірлестік» ШҚ-35 бас, «Аймырза» ШҚ-30 бас асыл тұқымды қашарларын сатып алды.
«Көнеккеткен» АШтК арқылы 2 бағытта Көнеккеткен ауылы тұрғындарының мал бағымы ұйымдастырылып, мал бағушылар келісім шарт негізінде маусымдық жұмысқа тартылды.
3 жас әрқайсысы 5 млн теңгеден «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы әрқайсысы жастарға арналған жеңілдетілген несие алды.
Инвестициялық субсидиялау бағдарламасына (ауыл шаруашылық техникаларын алу бойынша) «Есболат» шаруа қожалығы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаржылай қолдау қоры арқылы 10,960 млн теңгеге 1 дана МТЗ-920М тракторын алды.
Мүйізді ірі қара аналығымен тұқымдық түрлендіру жұмыстарына 1390 бас қатысуы жоспарланып, былтыр 1287 бас қатысты немесе 92%-ға орындалды. Тұқымдық түрлендіруге жоспар 1200 бас қой аналығы қатысуы жоспарланып, 442 бас қой аналығы қатысты немесе 36,8 %-ға орындалды.