2024 жылғы 2 маусымда Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Қарауылтөбе ауылында таңғы сағат 7.00-ден бастап учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері жұмысқа кірісті.Ең алдымен, ел-жұрт дауыс беретін ғимаратта ҚР Әнұраны шырқалды.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 791 азамат енгізілді, оның ішінде -387 дауыс берді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны-4, "Барлығына қарсы" жолда белгісі бар -6 .
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абиров.Ж. И -331
Айтқалиев К. Ж-26
Есқалиев Р. Е -20.
Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі болып Жанибек Игалиевич Абиров сайланды. "AMANAT" саяси партиясы ұсынған.
21 мамыр 2024 жылы БҚО, Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайыс өткізілді.
Мемлекеттің қолдауымен Қазақстанның шалғай облыстарынан Жайық өзенінің сол жағында орналасқан Қарауылтөбе ауылына техника көмекке келді. Қызылорда облысынан "Қазавтожол" ӘҚҚ-дан 2300 шақырым жерде екі самосвал тікелей ауылға жеткізілді.Маңғыстау облысының"Оңдасын Строй" ЖСН бір шынжыр табанды эксваторы," Альянс LTD "ЖСН көмекке 1 шынжыр табанды экскаватор,бір тиегіш жіберді. 9 сәуірден бастап Орал қаласында "Юнесерв"МСМ бір тиегіш тынымсыз жұмыс істейді. Барлығы 2 шынжыр табанды экскаватор, 2 тиегіш, 2 самосвал жұмыс істеді. Екі ауысымда 9 адам және оператор машинист жұмыс істеді. Жалпы ұзындығы 1300 метр және биіктігі 2 метр болатын бөгет салынды. Б. Момышұлы көшесінде және негізгі ауылдың арасында бөгет салынды.