
Округ бойынша халықтың 100% ауыз сумен қамтылған. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Есенсай ауылына 2011 жылы, Кеңсуат елді-мекеніне 2019-2020 жылы таза ауыз су жүргізілді. 2022 жылы Тасоба елді-мекеніне КБМ (комплексті блок модуль) орнатылып, 2023 жылы іске қосылып тұрғындарға таза ауыз су бере бастады.Округ бойынша техникалық ауыз су жүргізілмеген.