
Ауылдық округ бойынша 2023 жылы тартылған инвестиция көлемі 228,6 млн ( тұқымдық түрлендіруге 769 бас ҰМҚ, 1881 бас МІҚ қатысты), 2022 жылы инвестиция көлемі 44,5 млн. теңгені құрады.
Ауыл аманаты
«Ауыл аманаты» жобасы аясында барлығы 4 өтінім беріліп, 32,2 млн. теңге несие қаражаты мақұлданды. Жалпы 4 жеке кәсіпкер тіркеліп, 2 кәсіпкер бордақылау бағытында 51 бас бұқа алды, 1 кәсіпкер 10 бас асыл тұқымды сүтті-етті бағыттағы 10 бас сиыр алса, 1 кәсіпкер 10 бас тауарлы сүтті бағыттағы сиыр малып сатып алды.
2024 жылғы 10 тұрғын «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 80 млн теңгеге несие алуды жоспарлап отыр.