Бударин ауылында жаңғыртылған «Майдангерлер» алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлбану Дәрібайқызы қатысса , ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Максим Жаншаұлы мен Бударин ауылдық округінің әкімі Шоқан Рақымұлы құттықтау сөз сөйлеп, бұл игі бастаманың ел бірлігі мен туған жерге деген жанашырлықтың жарқын көрінісі екенін атап өтті. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, алаңның лентасын қиып, ашылу рәсімін өткізді.
▶️Осы игі іске атсалысқан барлық азаматтарға, демеушілерге және ауыл тұрғындарына шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлігіміз бекем, туған жеріміздің мерейі әрқашан үстем болсын!
БҚО Ақжайық ауданы, Бударин ауылында аудандық "Ақсақалдар" кеңесінің ұйымдастыруымен дәл осындай мәнді шара оздырылды. Шараға аудандық әскери бөлімінен, білім бөлімінен, ауылдың жұртшылығы, ақсақалдар, мектеп ұжымы, мектеп жанындағы "Қайсар" әскери патриоттық клубының жас сарбаздары және Карабақ соғысының ардагері қатынасты. Баласы әскер қатарында жүріп алғыс алған сарбаздың өмірінен анасы сыр шертті. Ауыл ақсақалдары шараның өтуіне жоғары баға берді. Көрермендер де әскери ортада болғандай әсер алып, жас сарбаздарға қошемет көрсетті. Шырқалған патриоттық әндер шараның шырайын келтірді. Көрермендер әскери дайындық пәні мұғалімі Ринат Хасановқа, мектеп, әкімдік ұжымына ақсақалдар риза болып, шалқар көңілмен тарқасты.
Бүгін, яғни 9 мамыр күні Бударин ауылында Ұлы Жеңіске 81 жыл толуына орай "Ер есімі-ел есінде" атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада ауыл әкімі Шоқан Рақымұлы мен зейнеткерлер сөз алып, барша жұртты мейрамдарымен құттықтады. Қан майданда от кешкен ҰОС ардагерлерін еске алу құрметіне "Данқ" саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.
Бударин ауылында Ақжайық ауданы әкімі және Бударин ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдында 1 жылдық жұмыстың есеп беру кездесуі өтті. Есептік кездесуге Ақжайық ауданы әкімі Мұрат Амангелдіұлы Сердалин , аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Қалимиденұлы Сиражев, Ақжайық аудандық прокурор Меңлібаев Алмас Базарханұлы және аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Аудан әкімі М.А. Сердалин мен ауыл әкімі Ш.Р. Мусагалиев 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы баяндады. Жиын соңында аудан әкімі және аудандық бөлім басшыларына ауыл тұрғындары өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.