
ХХ1 ғасыр-білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Ауылдық округте 1 мектеп-бөбекжай кешені, 1 бастауыш мектеп бар.
2025-2026 оқу жылын орта мектепте 223 оқушы және балабақша 24 орындық, қамтылғаны 24 бала. Бударин мектеп-бөбекжай кешенінде педагогтар саны - 46, жоғары білімдісі – 45, арнаулы орта білімдісі–1. Зерттеуші – 9, Сарапшы – 16, Модератор – 18, педагог – 5. Озат оқушы – 63, екпінді оқушы – 71. Білім сапасы – 65,4%. 2025 жылы 18 оқушы бітірді. Грант-11 (о.і алтын-3), ақылы-7. Колледж-4. МШБ (мүмкіндігі шектеулі балалар)-15. 1-4 сыныптар-89 оқушы, 5-11 сынып-23 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Самал бастауыш мектебінде 2 педогог, білімдері жоғары, 6 оқушы білім алуда.
Мектеп-бөбекжай кешенінің мұғалімдері мен оқушылары кәсіби білім сайыстарында өз білімдерін дәлелдеуде. Республикалық, облыстық және аудандық пән олимпиадаларынан жүлдегер атанып жүр. 10 үйірме жұмыс жасайды. Туризмде 3 үйірмеге жастар белсене қатысады.