
Ауыл шаруашылығында да нәтижелі істер мен өзгерістер жалғасын тапты. Ауылдық округ тұрғындары мал басын көбейтіп, бақша өсіріп, аудан экономикасына өз үлестерін қосуда. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара малы 3846, қой мен ешкі 8017, жылқы 1880, түйе 10 басты құрады. Базаршолан ауылдық округінің негізгі бағыты мал шаруашылығы болғандықтан малдың асылдандырылуына көп көңіл бөлуде.
Ірі қара малының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық асылдандыру жұмыстарымен биылғы жылы 10 шаруа қожалығы және 3 ауыл шаруашылығы өндірістік коперативтері тұқымдық түрлендіруге қатынасуда. Сонымен қатар жаңадан «Нұрасыл-Ж» АШөК құрылды.
Мал бағымы бойынша «Баянтөбе» АШөК және «Нұрасыл-Ж» АШөК арқылы 2 бағытта Базаршолан ауылы тұрғындарының мал бағымын және «ЕсімЖол» АӨК арқылы Есім елді мекеніне 1 бағытта мал бағымы ұйымдастырылды.
Округ бойынша қараусыз жүрген үй жануарларына арналған «Айыппұл тұрағын» жасақтау мақсатында иесіз деп танылған бұрынғы Баянтөбе су ғимаратының нысанын негіздеген болатынбыз. Қазіргі уақытта коммуналдық мүлік тізіліміне алу үшін аудандық экономика бөлімі арқылы аудандық сотқа ұсынылды. Барлық құжаттары жасақталған соң жеке кәсіпкерліктің сенімгерлік басқаруына берілетін болады.
Инвестициялық субсидиялау бағдарламасына асыл тұқымды бұқа сатып алу бойынша 14 бұқа жалпы суммасы 5 600 000 теңге және (ауыл шаруашылық техникаларын алу бойынша) 2023 жылы «Қазыбек» шаруа қожалығы 11 млн 500 мың теңгеге МТЗ920.2 тракторы және «Әсем» шаруа қожалығы 17 млн 850 мың теңгеге МТЗ 82.1 тракторы, шөп шапқыш және шөп тайлағыш техникаларын сатып алды.
Базаршолан ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестицияның жалпы көлемі 34 млн 950 мың теңгені құрайды.
2023-2024 жылдарға мал қыстатуға 11400 тонна мал азығы дайындалды. Мал азығын дайындау науқанына 24 трактор қатынасты. Бүгінде 100 % орындалды.
Округ бойынша бау-бақша егу жоспары-3,9 га, оның ішінде: картоп-2 га, көкөніс-1,9 га егілді.