Алмалы ауылдық округі Атамекен ауылдық кітапханасының кітапханашысы Картанбаева Айкөркем Ерланқызы облыстық Хамза Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен "ҰЛТТЫҚ САНА-ҰЛТТЫҚ СЕЗІМ" атты жас мамандар байқауында жақсы өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Жас маманды тағы бір айтулы жетістігімен құттықтаймыз. Еңбегің еселене берсін! Шығармашылық табыстар тілейміз!
Құрбан Айт мерекесіне орай ауылымыздың 1997 жылы туылған жігіттерінің ұйымдастыруымен балаларға арналған мерекелік шара өтті. Ауыл жігіттері балаларға тәттілер таратты. Балаларға арналған ойын алаңы құрылды.