
Мен, Наурзалиев Мереке Тулеугалиевич, 1972 жылғы 13 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Котельников ауылында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын.
Білімім – жоғары.
1995 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті оқу орнын «Инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Әскери қызметте болған жоқпын. Әскери міндеттімін.
1997 жылғы 7 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ аудандық әскери комиссариатына есепке алындым. Әскери атағым – қатардағы жауынгер.
1999 жылғы 26 қазан мен 2008 жылғы 9 желтоқсан аралығында №10 Тайпақ орта кәсіптік-техникалық мектебінде арнаулы пәндер оқытушысы болып жұмыс істедім.
2008 жылғы 9 желтоқсан мен 2022 жылғы 1 қыркүйек аралығында №10 Тайпақ кәсіптік мектебі директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Мекеменің таратылуына байланысты жұмыстан босатылдым.
2023 жылғы 26 маусым мен 2024 жылғы 27 қараша аралығында Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өрт сөндіру станциясының басшысы қызметін атқардым. Өз еркіммен жұмыстан босатылдым.
2024 жылғы 27 қарашадан бастап Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келемін.