GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Қызметі
Все материалы
29 мая 2026
9 мамыр

Алғабас ауылдық округі, Жаңажол елді мекенінде 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай және Ұлы Жеңістің 81 жылдығына байланысты дала қызықтары ұйымдастырылды.

29 мая 2026
Дала қызықтары

2026 жылғы 9 мамыр күні Ұлы Жеңіс күніне орай Алғабас ауылдық округінің шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерінің демеушілігімен дала қызықтары ұйымдастырылды.

30 декабря 2025
Жыл қорытындысы – 2025

Ақжайық аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйытқы болуымен "Жыл қорытындысы – 2025" жобасы аясында ауданның озат жас спортшылары марапат биігінен көрінді. 

«Үздік спортшы» атағымен Каптула Исмайл, ал «Үміт артар жас спортшы» аталымымен Хамидуллаев Арлан мен Марат Алихан лайық деп танылды. Бұл — тынымсыз еңбек пен табанды жаттығулардың, жігер мен жанкештіліктің жемісі.

Сондай-ақ жас спортшылардың жетістікке жету жолында аянбай тер төгіп, сүбелі үлес қосып жүрген бапкері Мақсат Маратұлы арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Бұл – спорт арқылы ел мерейін үстем ететін ұрпақты тәрбиелеудегі ізгі қадам, келешекке сенім.

29 декабря 2025
Жетістік пен жұлдызды сәтке – 2025

Ақжайық аудандық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйытқы болуымен жүзеге асырылып жатқан «Жетістік пен жұлдызды сәтке – 2025» жобасы аясында ұлттық руханиятты жаңғырту, отбасылық оқу мәдениетін дәріптеу мақсатында мазмұнды шара өткізілді.

Аталған жобада «Отбасылық оқу дәстүрі» номинациясының лауреаты ретінде Алғабас ауылдық кітапхана – комьюнити орталығының белсенді оқырмандары, көпке үлгі болған Ешмұхановтар әулеті лайық деп танылып, марапат биігінен көрінді.

Оқу мен тәрбиені ұштастырып, кітапты отбасының алтын діңгегіне айналдыра білген бұл отбасының еңбегі – өскелең ұрпаққа тағылым, көпшілікке өнеге.

20 декабря 2025
Үздік жас кітапханашы

Кітап — ұлттың қазынасы, ал оны көздің қарашығындай сақтап, оқырманға жол тартқызған жан — кітапханашы. Осы асыл мұрат жолында тынымсыз еңбек етіп, руханият көшіне өз үлесін қосып жүрген кітап ордасының шамшырағы Болатова Шынар Маратқызы «Үздік жас кітапханашы» аталымымен «Жыл үздігі – 2025» мәртебесіне лайық деп танылды.
Жас та болса, ісі салиқалы, ниеті берік маманның кітап әлемін дәріптеудегі табандылығы, оқырманмен тіл табыса білетін шеберлігі мен жаңашыл ізденісі көпке үлгі. Рухани мұраға адалдық танытып, сөз киесін ұлықтаған еңбегі ел ықыласына бөленіп отыр.
Бұл марапат — маңдай термен келген мәртебе, ізгі еңбектің айқын жемісі. Кітапқа қызмет етуді ғұмырлық мұрат еткен жас маманға шығармашылық табыс, биік белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!

11 декабря 2025
Заң және тәртіп

📍 «Заң және тәртіп» бағыты аясында жиын өткізілді

Ауылдық округ аумағында «Заң және тәртіп» идеологиясы шеңберінде тұрғындармен жиын ұйымдастырылды. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларының талаптарын өрескел бұзу фактілері сөз болды.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мал иелеріне жануарларды қараусыз жібермеу, жылқы малдарына жарық шағылыстырғыш ленталарын ілу, елді мекен ішіндегі жол қозғалысына кедергі келтірмеу, иесіз жайылған малдардың салдарынан туындайтын құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар құқықбұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бағытында тиісті шаралар қабылдамау жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертіліп, тәртіп пен талапқа бағыну – ортақ міндет екені айтылды.

🛑 Заңнан аттау – елге сын.

01 декабря 2025
көше шамдары

Алғабас ауылы тұрғындарының игі ісі

Алғабас ауылының З.Жұбандықов, Бейбітшілік, А.Сапаров, Б.Смайлов, К.Еділбаев көшесінің, Тоған елді мекені тұрғындары ауылдастарының қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін ауызбіршілік танытып, өз қаражаттарына 40 көше шамын сатып алып, көше бойына орнатуға демеушілік көрсетті. Қаржы көлемі 644 000тг.

Қазіргі таңда барлық жарық шамдары орнатылып, көше кешкі уақытта жарықтанып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалды.

Бұл – ауыл тұрғындарының туған жерге деген жанашырлығы мен бірлігінің көрінісі. Осындай игі істер көпке үлгі болсын!

14 ноября 2025
көше жолын биіктету

Алғабас ауылы Б.Смайлов көшесіне 35 рейс (Камаз жүк көлігімен) топырақ төгіліп көше жолын биіктету жұмыстары жүргізілуде. Ұйымдастырушы округ әкімшілігі, демеушілер Б.Смайлов көшесінің тұрғындары. Қаржы көлемі 374000 тг

12 ноября 2025
Жүрегім - Тоған

"Жүрегім – Тоған!"

Бүгін Тоған ауылында ерекше мағынаға ие композиция орнатылды — «Жүрегім Тоған» деген жазу ауыл жастарының бастамасымен жүзеге асты. Қаржы көлемі 550000 тг

Бұл – туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің, бірліктің және жанашырлықтың көрінісі.

Ауылымыздың көркіне көрік қосқан бұл нысан – келер ұрпаққа ауылын сүюдің жарқын үлгісі болады деп сенеміз.

14 июля 2025
MADIYAR CUP 2025
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БӘЙГЕ ТҮРЛЕРІНЕН MADIYAR CUP 2025 АШЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ.
 
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дүбірлі дода!
🏇 Аламан бәйге, топ бәйге — ұлттық рух пен намыстың нағыз көрінісі!  Жүйрік ат пен бапкер шеберлігінің сындары.  🤼♂️Палуандар күресі – күш пен намыстың бәйгесі болса,  🐎 Асау үйрету – батырлық пен ептіліктің көрінісі болды.
 
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл жарыс —  
батыр бабаларға тағзым, ұрпаққа рух сыйлаған салтанатты шара болды. Тұлпарлар дүбірі даланы тербеп, елдің көңілін көтерді. Алатау Қаратаудан бастап, өз тұлпарларын елімізге белгілі атбегілер баптап қосты. 
 
АЛАМАН БӘЙГЕ (24шақырым)
1-орын Омаров Ұлан. (Байдик) Алматы
HYUNDAI ELANTRA автокөлігі.
2-орын Ат Әбзелдері дүкені(Қобылан)Ақтөбе
3-орын  Боранбаев Теңізбай (Тұмар) Бөкейорда
4-орын  Бөбекбай Секенай (Көкдауыл) Алматы
5-орын Байенов  Дулат (Тентекқара) Караганды 
ТОП БӘЙГЕ (12шақырым)
1-орын Торғаев Бақыт, (Абырой)  Астана CHANGAN автокөлігі  
2-орын  Ноқатай Нұрдаулет (Хантәңір) Алматы
3- орын Қуатов Серікбол (Ақжайық) Маңғыстау
4-орын  (Қорғай) Жамбыл облысы
5-орын Омаров Ұлан (Ботақара) Алматы.
Алғабас ауылы сәйгүліктерінде
1 орын Құрманғали Мадияр
2 орын Байзуллин Нурымгали
3 орын Ахметов Хайролла 
Түйе палуан
1-орын Габбасов Нұрымжан (Сырым ауданы)
2-орын Мырзахметов Нұрсұлтан (Сырым ауданы)
3-орын Ерболатов Құсайын (Сырым ауданы)
Асау үйрету бойынша 
1-орын Кенсуат ауылы
2-орын Базартөбе ауылы
3-орын Қамыстыкөл ауылы иеленді.
 
Ұйымдастырушыларға алғыс, жеңімпаздарға құтты болсын!
 
#Жеңіс80жыл #ҰлттықМұра #АламанБәйге #ПалуанКүресі #АсауҮйрету #БатырлықРух
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы