
Ауылдық округ 2008 жылдан бастап көгілдір отынмен қамтылса, Ақбұлақ ауылына көгілдір отын 2020 жылы жүргізілді. Су құбыры Ақсуат, Ақбұлақ ауылдарына 2017 жылы жүргізіліп, қазіргі кезде Ақсуат және Ақбұлақ ауылдарының таза су беру жүйесіне күрделі жөндеу, жаңарту жұмыстары қажет.
Техникалық су жүргізілген жоқ, жүргізу жоспарда бар, құбырлары сатып алынды
Ақсуат ауылында 10 жаңа электр бағандары орнатылды.
СИБ орнатылды, Ақбұлақ елдімекеніне 24 электр бағандары ауыстырылып, қуаттылығы жоғары трансформатор орнатылды.
Көше шамдарын сатып алынып ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Техникалық су жүргізілген жоқ, жүргізу жоспарда бар, құбырлары сатып алынды.
«Орда жолдары» ЖШС-гі Ақсуат ауылына кіре беріс жолды асфальтап берді. Жобаның жалпы құны – 168 млн теңге болды. Ауыл тұрғындары игілін көруде.
«Мұқадес» шаруа қожалығы жетекшісінің демеушілігімен Жайық өзенінен Ақсуат ауылына дейін су жүретін арық қазылды. Нәтижесінде ауыл іргесіндегі көлге су құйылып, тазарып қалды.
Жыл бойы өткізіліп келген санитарлық тазалық сенбіліктеріне 42 адам қатысып, көшелерді, автокөлік трассасы бойларын, бұрынғы қоқыс төгу алаңдарын, өзен жағалауларын тазарту жұмыстары жүргізілді, арам шөптерді ору, ағаштардың артық бұтақтарын кесу, ағаштарды әктеу жұмыстары, ауылды қоқыстардан тазарту жұмыстары атқарылды. Осы жерде ауылдастарыма үндеу тастағым келеді ауыл өзіміздікі, осы жерде түтін түтетіп отырғасын ауылдың тазалығына бәріңізді атсалысуға шақырамын. Тек қана әкімшілік қызметкерлерімен немесе ақылы қоғамдық жұмысшыларымен іс бітпейді.