
Ауылдық округте 1 ФАП, 1 медициналық пункт бар. 2 ауылда дәрігер мамандармен қамтылған.
Ақсуат ауылындағы ФАП 1984 жылы салынған, күрделі жөндеу 2009 жылы жүргізілді. Осы жылы ауылға жаңа ФАП салынатынын жеткізгім келеді.
Ақбұлақ ауылында дәрігерлік пункт бар. 2023 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жөндеу жұмыстарына Ақбұлақ елдімекенінің тұрғындары, кәсіпкерлері қаржылай қолдау көрсетті. Оларға алғыс білдіреміз.
Ана, сәби өлімі 2023 жылы болған жоқ. Жыл бойына 7 сәби дүниеге келіп, 1 адам қайтыс болды.
Медицина қызметкерлеріне жедел жәрдем көлігі керек. Зертхана қажет.