2024 жылғы 1 қаңтарына жұмыссыздар саны 43 адамды құрады. 2023 жыл бойына барлығы 14 адам тұрақты жұмыспен, 34 адам маусымдық және 35 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды.
1 отбасы Атаулы әлеуметтік көмек алды.
Сонымен қатар денсаулығына, басқа да тұрмыстық жағдайларға байланысты аудан әкімі жанындағы арнайы комиссия шешімімен 21 адамға 1 млн 69 мың 500 теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек берілді.
Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға Каленый орман шаруашылығынан жеңілдетілген бағамен отын берілді.