2024 жылғы 1 қаңтарына жағдайы бойынша ауылдық округ бойынша ірі қара мал басының саны 8420 бас құрады, 2022 жылмен салыстырғанда 7827 бас болып, мал басы 7 пайызға көбейген, оның ішінде сиыр – 4118 бас, 2022 жыл -3306, сиыр саны 14 пайызға өскен, қой – 4378 бас, 2022 жыл -4579 болып, 5 пайызға азайған, ешкі –764 бас болса 2022 жыл -801 бас болып мал басы 5 пайызға азайған , жылқы – 7034 бас (2022 жыл -7141 ) мал басы 1,5 пайызға азайып, құс – 2534 бас (2022 жыл -2024 ) 20 пайызға көбейген . Есепті кезеңде мал азығы 26,6 тонна шөп, 2 мың тонна жем дайындалып, жоспар толығымен орындалды.
Ақсуат ауылдық округінде мал дәрігерлік телім қызмет атқарады. Бруцеллез ауруына зерттеліп, 5 мүйізді ірі қара, 31 қой мен 10 ешкі малынан ауру белгілері анықталды. Ауру тіркелген 3 аулаға дәрілеу жұмыстары жүргізілді.
Округ бойынша аталған аурумен ауырған 3 тұрғын анықталды.
Ауылдық округтің негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болғандықтан, малдың асылдандырылуына көңіл бөлінуде. 2023 жылы «Ж.А.С.» шаруа қожалығы 2 бас (700 мың теңгеге), «Баянауыл» шаруа қожалығы 4 бас (1 млн 280 мың теңгеге), «Медет» шаруа қожалығы 5 бас (1 млн 750 мың теңгеге) асыл тұқымды бұқа сатып алды.
Жалпы есепті кезең ішінде округ бойынша ауыл шаруашылық техникасын сатып алудан 38 млн 390 мың теңге инвестициялық субсидияға қол жеткізілді.