Павлодар облысы білім басқармасының "Май ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты Май ауданында білім беруді дамытуға, білім беру саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады. Бөлім білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты аудан деңгейінде жүзеге асырады.
Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай міндеттерді орындайды:
1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
3) Азаматтыққа және патриотизмге, өз тууына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халықтық дәстүрлерді құрметтеуге, конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
4) тұлғаны белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттіліктерін, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ және республиканың басқа да халықтарының тарихын, салт-дәстүрлерін зерделеу; қазақ, орыс, шет тілдерін меңгеру;
6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) кәсіптік білім беруді қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез бейімдеуге ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік, қашықтықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
8) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жағдайлар жасау;
9) білім беру саласындағы инновацияларды іздеуде және енгізуде педагогикалық және басқарушы кадрлардың белсенділігін ынталандыру тетігін жетілдіруге ықпал ету, педагогикалық бастамаларды эксперименттік сынақтан өткізуді ұйымдастыру.
| Мекен-жайы | Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе ауылы 140800, Абылайхан көшесі 32 |
| Байланыс | 8 71838 91336 |
| е-mail |
bilim.mai@yandex.kz
|