
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатындағы семинар
Май ауданының білім беру бөлімі мен Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының бірлескен жұмыс жоспарының «Оқушыларға білім беру, оқыту және тәрбиелеу сапасы мәселелері бойынша педагогикалық қолдау» бағыты аясында «Дарынды балалармен жұмыс» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Аталған шараға Май ауданының жаратылыстану-математика пәндерінің мұғалімдері қатысты.