
Осы тақырып бойынша өткен кеңейтілген мәжіліске Май ауданының әкімі А. Әмірин, әкім орынбасары О. Темірболатова, аудан прокуроры Ж. Абусейіт, Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы И. Темиргалиева, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары А. Мухаметсалыков, ардагер ұстаз Г. Узканова, мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты.
Мәжілісте жазғы уақыттағы балалардың демалысы мен еңбекпен қамту мәселелері бойынша жоспарланған шараларды таныстырып, ақпарат бердім.
Аудан әкімінің орынбасары Орынбасар Нажмиденқызы Темирбулатова қазіргі кезеңдегі бала тәрбиесіндегі мәселелерге тоқталып, ата-аналардың жауапкершілігі мен балалардың еңбекке араласуы туралы айтты.
Әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Мерхат Шайдуллаевич Мурзалинов жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау үшін ата-аналарға құқықтық кеңестер берді.
Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы Ирина Александровна Темиргалиева жасөспірімдер арасында есірткі қылмысын алдын-алу туралы айтты.
Аудан әкімінің тікелей бастамасы және төрағалық етуімен, Май ауданы прокурорының үйлестіруімен өткен жиында сақтық шараларына арналған, атап айтқанда интернет алаяқтық, есірткі қылмысы, ұрлық туралы бейнероликтер көрсетіліп, жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді.