
2025 жылғы 4 желтоқсанда Май ауданынының Көктөбе орта мектебі базасында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Е. Әмірбекұлы бастаған делегациясымен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – Май ауданында алғашқы педагогикалық сынып ашу. Сонымен қатар кездесу барысында педагогикалық мамандықтың өзекті мәселелері кең көлемде қарастырылып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар талқыланды. Ұстаздық жолдың күрделілігі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі терең сараланып, жас педагогтерді қолдау мен кәсіби дамытудың жаңа тетіктері ұсынылды.