Май ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру

Хабарландыру

қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу туралы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі

2025 жылға арналған Май ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында

 

"Май ауданының білім бөлімі" ММ (бұдан әрі – білім бөлімі) Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1)"мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, орта білімнен кейін техникалық және кәсіптік, кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

Өтініште "мектепке дейінгі ұйымның атауы" жолында заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы БСН және бірегей анықтама нөмірі көрсетілуі қажет;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесі мен дауыстық хабарлаудың болуы туралы ақпаратты;

3) аумақтық медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымымен шарт тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді және (немесе) медициналық кабинетке лицензияны жүзеге асыру;

4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесі мен құжаттарының көшірмесі;

5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).

Басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды қабылдауды Білім бөлімі мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Май ауданы, Абылайхан көшесі, 32/1, 2024 жылғы 03-05 желтоқсан аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) немесе электрондық поштаға: kense@mayroo.edu.kz

Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды 2024 жылғы 26 желтоқсанға дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) қарайды.

Дата публикации
03 декабря 2024