Құрметті әріптестер, ата-аналар және достар!
Сіздердің назарларыңызға БҚО,Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің "Мектептен тыс жұмыс орталығы" МКҚК-ның жанынандағы “Балдаурен” жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспар-жобасының үлгісін ұсынамыз. Аталған жоба балалардың жазғы демалысын тиімді, қызықты әрі мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған.
Лагерь жұмысының мазмұнын одан әрі байытып, жетілдіру мақсатында сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз бен қосар ойларыңызды қуана қабылдаймыз. Әрбір пікір біз үшін маңызды және ортақ істің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Бірлесе әрекет ете отырып, балаларға жарқын естеліктерге толы, пайдалы әрі көңілді демалыс сыйлаймыз деген сенімдеміз.
Ұсыныс-пікірлеріңізді комментарий бөлімінде қалдыруларыңызды сұраймыз.