Инклюзивті білім беру
Абай облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуына, әлеуметін дамытуына және қоғамға бейімделуіне жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Инклюзивті білім берудің басты мақсаты – әр баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оған тең мүмкіндік пен қажетті қолдау көрсету.
Жаңасемей ауданында да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар білім беру ұйымдарында оқып, психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылуда. Алайда инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту үшін арнайы жабдықталған кабинеттерді, қажетті құралдар мен қолжетімді ортаны қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аудару қажет.
Инклюзивті білім беру тек құжаттар мен есептерде ғана емес, баланың күнделікті білім алу ортасында нақты көрініс табуы тиіс. Әр балаға қажетті жағдай жасалып, психолог, педагог, арнайы мамандар мен ата-аналардың бірлескен жұмысы жүйелі ұйымдастырылған жағдайда ғана инклюзия өз нәтижесін береді.
Инклюзия – әр баланы қабылдау, қолдау және оның мүмкіндігін толық жүзеге асыруына жағдай жасау.