
Бөлімнің ұйымдастыру және кадрлық қызметін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер мен жұмыскерлердің жеке істерін жүргізу, еңбек шарттарын рәсімдеу және есепке алу, жеке құрам бойынша бұйрықтарды дайындау және тіркеу жұмыстарын жүзеге асырады. Кадр мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен хат алмасуды, қызметкерлерді аттестаттау, біліктілігін арттыру және көтермелеу жөніндегі құжаттарды жүргізуді, бос лауазымдарға орналасу бойынша конкурстық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингін жүргізу, алқа және комиссия отырыстарының хаттамаларын рәсімдеу, еңбек демалыстарының кестесін жүргізу, еңбек кітапшалары мен еңбек шарттарын есепке алу жұмыстарын жүзеге асырады.